Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 4 февраля 2017 года № 90 «Об утверждении Методики проведения психосоциального тестирования личности подозреваемого, обвиняемого на стадии досудебной пробации и Методики подготовки досудебного доклада»

Бұйрық · № 307 · қабылданған 15.04.2019
Заңдық күші: Қолданыста · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/4-2017-no-90/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 4 февраля 2017 года № 90 «Об утверждении Методики проведения психосоциального тестирования личности подозреваемого, обвиняемого на стадии досудебной пробации и Методики подготовки досудебного доклада» Қолданыста Бұйрық ·№ 307 ·15.04.2019
15.04.2019 редакциясы
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.04.2019. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 4 февраля 2017 года № 90 «Об утверждении Методики проведения психосоциального тестирования личности подозреваемого, обвиняемого на стадии досудебной пробации и Методики подготовки досудебного доклада»

Қолданыста Бұйрық ·№ 307 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 4 февраля 2017 года № 90 «Об утверждении Методики проведения психосоциального тестирования личности подозреваемого, обвиняемого на стадии досудебной пробации и Методики подготовки досудебного доклада»
Атауы (қаз.)
«Сотқа дейінгі пробация сатысында күдіктінің, айыпталушының жеке басын психологиялық-әлеуметтік тестіден өткізу әдістемесін және Сотқа дейінгі баяндаманы дайындау әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 4 ақпандағы № 90 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
307
Қабылданған күні
15.04.2019
Көрсетілген редакция
15.04.2019 130759_401515.kaz
Соңғы өзгеріс
15.04.2019
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1900018548
ЭКБ идентификаторы
130759
Редакция идентификаторы
130759_401515
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 20:21

0 «Сотқа дейінгі пробация сатысында күдіктінің,

айыпталушының жеке басын психологиялық-әлеуметтік
тестіден өткізу әдістемесін және Сотқа дейінгі баяндаманы дайындау әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 4 ақпандағы № 90
бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Сотқа дейінгі пробация сатысында күдіктінің, айыпталушының жеке басын психологиялық-әлеуметтік тестіден өткізу әдістемесін және Сотқа дейінгі баяндаманы дайындау әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 4 ақпандағы № 90 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4876 болып тіркелген, Нормативтік құқықтық актілердің Эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 18 наурызда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Сотқа дейінгі пробация сатысында күдіктінің, айыпталушының жеке басын психологиялық-әлеуметтік тестіден өткізу әдістемесінде:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Әдістемеде мынадай терминдер мен анықтамалар:
1)пробация – санаттары заңмен айқындалған адамдардың қылмыстық құқық бұзушылықтар жасауының алдын алу үшін олардың мінез-құлқын түзеуге бағытталған бақылау және әлеуметтік-құқықтық сипаттағы қызмет түрлері мен жеке айқындалатын шаралар жүйесі;
2) пробация қызметі – қылмыстық жазалардың қоғамнан оқшауламай орындалуын қамтамасыз ету, сондай-ақ пробацияны ұйымдастыру және оның жұмыс істеуі жөніндегі атқарушылық және өкімдік функцияларды жүзеге асыратын қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің органы;
3) сотқа дейінгі баяндама – күдіктінің, айыпталушының жеке басының ерекшеліктері, олардың әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетудің жеке бағдарламасында көзделген іс-шараларды орындауы, пробация қызметінің ұсынымдарын ұстануы және оның көмегін қабылдауы туралы ақпарат;
4) сотқа дейінгі пробация – күдіктінің, айыпталушының мінез-құлқын түзеуге бағытталған, оларға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету жөніндегі қызмет пен шаралар жиынтығы пайдаланылады.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Сотқа дейінгі баяндаманы дайындау әдістемесінде:
«5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Қылмыстық құқық бұзушылық жасаған күдікті, айыпталушы адамға қатысты пробация қызметінің қызметкері әзірлейтін сотқа дейінгі баяндама оның жеке басының ерекшеліктері, әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетудің жеке бағдарламасымен көзделген іс-шараларды орындау, олардың қылмыстық құқық бұзушылықтар жасауының тәуекелдерін бағалау туралы сотқа хабар беру үшін күдікті, айыпталушы адам туралы материалдарды жинауды көздейді»;
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Осы Әдістемеге қосымшаға сәйкес нысан бойынша қылмыстық құқық бұзушылықты жасаған күдікті, айыпталушы адамға сотқа дейінгі баяндама олардың қылмыстық құқық бұзушылықтар жасауының тәуекелдерін бағалау, күдіктіге, айыпталушыға қатысты әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетудің жеке бағдарламасын іске асыру нәтижелері бойынша, сондай-ақ пробация қызметінің өз өкілеттіктерін жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар және заңмен қорғалатын өзге де құпиялар туралы заңнамасының талаптарын сақтай отырып, заңды тұлғалардан сұралатын мәліметтер, анықтамалар, мінездемелер, өзге де ақпараттар негізінде дайындалады»;
Сотқа дейінгі баяндаманы дайындау әдістемесіне қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2

2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

3 3) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

4 4) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.

0 Қылмыстық құқық бұзушылық жасаған күдікті, айыпталушы адамға сотқа дейінгі баяндама

Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2019 жылғы 15 сәуірдегі
№ 307
бұйрығына
қосымша
Сотқа дейінгі баяндаманы
дайындау әдістемесіне
қосымша
нысан
Қылмыстық құқық бұзушылық жасаған күдікті,
айыпталушы адамға сотқа дейінгі баяндама
Кіріспе бөлігі
____________________________________________________________________________________________
(сотқа дейінгі баяндаманы жасау уақыты, күні, орны)
____________________________________________________________________________________________
(cотқа дейінгі баяндаманы жасаған адамның лауазымы, тегі және аты-жөні)
____________________________________________________________________________________________
____________________________________________________________________________________________
(күдіктінің, айыпталушының тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), туған күні, айы, жылы және туған жері)
____________________________________________________________________________________________
____________________________________________________________________________________________
Сипаттау бөлігі

(азаматтығы, отбасылық жағдайы, айналысатын кәсібі, білімі, тұрғылықты жері,
соттылығының бар-жоғы, сипаттайтын өзге де деректер)
Әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету жеке бағдарламасымен көзделген іс-шаралардың орынлалуы
____________________________________________________________________________________________
(Әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету жеке бағдарламасымен көзделген, орындалған
(орындалып жатқан) іс-шаралардың нәтижелері туралы мәліметтер)
____________________________________________________________________________________________
____________________________________________________________________________________________
____________________________________________________________________________________________
Әлеуметтік мінездеме
____________________________________________________________________________________________
____________________________________________________________________________________________
Өмір сүру жағдайлары

Отбасылық қарым-қатынастары

Жұмыс (оқу) орны бойынша тағы әріптестермен қарым-қатынастары
____________________________________________________________________________________________
____________________________________________________________________________________________
____________________________________________________________________________________________
Достарымен және таныстарымен қарым-қатынастары
____________________________________________________________________________________________
____________________________________________________________________________________________
____________________________________________________________________________________________
Жеке басын психологиялық-әлеуметтік тестілеу нәтижелері
____________________________________________________________________________________________
____________________________________________________________________________________________
____________________________________________________________________________________________
____________________________________________________________________________________________
Олардың қылмыстық құқық бұзушылықтар жасау тәуекелдерін бағалау
____________________________________________________________________________________________
____________________________________________________________________________________________
____________________________________________________________________________________________
Күдіктінің, айыпталушының мінез-құлқы
____________________________________________________________________________________________
____________________________________________________________________________________________
Қылмыстық өткені

Қылмыс жасағанға дейінгі мінез-құлқы
____________________________________________________________________________________________
____________________________________________________________________________________________
____________________________________________________________________________________________
Қылмыс жасағаннан кейінгі мінез-құлқы
____________________________________________________________________________________________
____________________________________________________________________________________________
____________________________________________________________________________________________
Күдіктінің, айыпталушының мінез-құлқына ықпал ететін немесе ықпал етуі мүмкін факторлар
Оң факторлар
____________________________________________________________________________________________
____________________________________________________________________________________________
____________________________________________________________________________________________
Теріс факторлар

Пробация қызметінің ұсынымдарына сүйену және оның көмегін алу
____________________________________________________________________________________________
____________________________________________________________________________________________
____________________________________________________________________________________________
(Тәуекелдерді басқару бойынша іс-шаралар және күдіктіні, айыпталушыны қоғамға қайта кіріктіру)
Ұсынымдық бөлігі
____________________________________________________________________________________________
____________________________________________________________________________________________
____________________________________________________________________________________________
(адамға жазаны тағайындау және оны орындау кезінде пайдалануға
ұсынылатын міндеттер мен шектеулердің үлгі тізбесі)
Күдіктіге, айыпталушыға сотқа дейінгі баяндаманы
пробация қызметінің бастығы (аға инспекторы, инспекторы)
жасады
________________________________________
______________________ _________________
(пробация қызметінің атауы)
________________________________________
(атағы) (қолы) (тегі, аты-жөні)
20___ж. «____» ____________
Таныстырылды қолы______(күдіктінің, айыпталушының аты-жөні)
қолы______(күдіктінің, айыпталушының заңды өкілінің аты-жөні)

Қолданыстағы