Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в постановление акимата Исатайского района «Об утверждении Методики оценки деятельности административных государственных служащих корпуса "Б" акимата Исатайского района» от 4 апреля 2018 года № 110

Қаулы · № 18 · қабылданған 08.02.2022
Заңдық күші: Қолданыста · 20.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/4-2018-no-110/on/2026-08-20/
Басып шығарылды 2026-08-20 · adilet.kz
О внесении изменений в постановление акимата Исатайского района «Об утверждении Методики оценки деятельности административных государственных служащих корпуса "Б" акимата Исатайского района» от 4 апреля 2018 года № 110 Қолданыста Қаулы ·№ 18 ·08.02.2022
08.02.2022 редакциясы
20.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 08.02.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в постановление акимата Исатайского района «Об утверждении Методики оценки деятельности административных государственных служащих корпуса "Б" акимата Исатайского района» от 4 апреля 2018 года № 110

Қолданыста Қаулы ·№ 18 · 20.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в постановление акимата Исатайского района «Об утверждении Методики оценки деятельности административных государственных служащих корпуса "Б" акимата Исатайского района» от 4 апреля 2018 года № 110
Атауы (қаз.)
«Исатай ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 4 сәуірдегі № 110 «Исатай ауданы әкімдігінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың Әдістемесін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
18
Қабылданған күні
08.02.2022
Көрсетілген редакция
08.02.2022 164466_560192.kaz
Соңғы өзгеріс
08.02.2022
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G22TD00018A
ЭКБ идентификаторы
164466
Редакция идентификаторы
164466_560192
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 03:32

0 «Исатай ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 4 сәуірдегі № 110 «Исатай ауданы әкімдігінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың Әдістемесін бекіту туралы» қаулысына

өзгерістер енгізу туралы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 26-бабына сәйкес Исатай ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Исатай ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 4 сәуірдегі «Исатай ауданы әкімдігінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың Әдістемесін бекіту туралы» № 110 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4114 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Әдістемеде:
5-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«5. Бағалауды өткізу үшін "Б" корпусы қызметшісін мемлекеттік лауазымға тағайындауға және мемлекеттік лауазымнан босатуға құқығы бар лауазымды тұлғамен (бұдан әрі – уәкілетті тұлға) персоналды басқару қызметі немесе ол болмаған жағдайда персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) (бұдан әрі – персоналды басқару қызметі) міндеттерін атқару жүктелген өзге құрылымдық бөлімше (тұлға) жұмыс органы болып табылатын Бағалау жөніндегі комиссия (бұдан әрі – Комиссия) құрылады.
Комиссия құрамы уәкілетті тұлғамен анықталады, комиссия мүшелерінің саны 5 адамнан кем болмауы тиіс.»;
41-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«41. «Б» корпусының қызметшісін бағалау нәтижелерімен таныстыру жазбаша түрде жүргізіледі. Қызметші танысудан бас тартқан жағдайда, еркін түрде акт құрылып, персоналды басқару қызметімен және мемлекеттік органның басқа екі қызметшісімен қол қойылған акт толтырылады.
Бұл ретте танысудан бас тартқан қызметшілерге бағалау нәтижелері мемлекеттік органдардың интранет-порталы және/немесе мемлекеттік қызмет персоналы бойынша автоматтандырылған бірыңғай дерекқор (ақпараттық жүйенің) не электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы осы Әдістеменің 40-тармағында көрсетілген мерзімде жолданады.»;
42-тармақ алынып тасталсын.

2 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы