Құжат мәтініне өту

О внесении изменения в приказ исполняющего обязанности Министра юстиции Республики Казахстан от 4 августа 2018 года № 1221 «Об утверждении Положения об апелляционной комиссии»

Бұйрық · № 996 · қабылданған 22.11.2021
Заңдық күші: Қолданыста · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/4-2018-no-1221-ekb-160512/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
О внесении изменения в приказ исполняющего обязанности Министра юстиции Республики Казахстан от 4 августа 2018 года № 1221 «Об утверждении Положения об апелляционной комиссии» Қолданыста Бұйрық ·№ 996 ·22.11.2021
22.11.2021 редакциясы
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.11.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменения в приказ исполняющего обязанности Министра юстиции Республики Казахстан от 4 августа 2018 года № 1221 «Об утверждении Положения об апелляционной комиссии»

Қолданыста Бұйрық ·№ 996 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения в приказ исполняющего обязанности Министра юстиции Республики Казахстан от 4 августа 2018 года № 1221 «Об утверждении Положения об апелляционной комиссии»
Атауы (қаз.)
«Апелляциялық комиссия туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 4 тамыздағы № 1221 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
996
Қабылданған күні
22.11.2021
Көрсетілген редакция
22.11.2021 160512_546494.kaz
Соңғы өзгеріс
22.11.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G21D0000996
ЭКБ идентификаторы
160512
Редакция идентификаторы
160512_546494
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 05:43

0 «Апелляциялық комиссия туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 4 тамыздағы № 1221 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

«Селекциялық жетiстiктердi қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 13 шiлдедегi Заңының 3-1-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына, «Қазақстан Республикасының Патент заңы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 шiлдедегi Заңының 4-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына, «Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердiң атаулары туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 26 шiлдедегi Заңының 3-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына және «Интегралдық микросхемалар топологияларын құқықтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 29 маусымдағы Заңының 4-бабы 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. «Апелляциялық комиссия туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 4 тамыздағы № 1221 мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Апелляциялық комиссия туралы ережеде:
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«12. Уәкiлеттi орган патенттiк сенiм бiлдiрiлген өкiлдiң әрекетiне жеке немесе заңды тұлғаның шағымы келiп түскен жағдайда, уәкiлеттi орган қызметкерлерiнiң тақ санынан тұратын апелляциялық комиссияны құрады. Апелляциялық комиссия келiп түскен шағымды қараған кезеңде патенттiк сенiм бiлдiрiлген өкiл куәлiгiнiң қолданысы аттестаттау комиссиясының хаттамалық шешімімен мән-жайларды анықтау мақсатында үш ай ішінде тиісті шешім қабылдағанға дейін тоқтатыла тұрады, бұл туралы патенттiк сенiм бiлдiрiлген өкiлдердiң тiзiлiмiнде белгi жасалады.
Шағымды қарау нәтижелерi бойынша апелляциялық комиссия мынадай шешiмдердiң бiрiн қабылдайды:

1 1) уәкiлеттi органға патенттiк сенiм бiлдiрiлген өкiл куәлiгiнiң қолданысын тоқтату туралы талап қою арызын сотқа жiберуге ұсыным жасау;

2 2) шағымды қанағаттандырудан бас тарту.».

2 2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшiлiк ететiн Қазақстан Республикасы Әдiлет вице-министрiне жүктелсiн.

3 3. Осы бұйрық қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

Қолданыстағы