О внесении изменений в постановление акимата города Жанаозен от 4 апреля 2018 года № 191 «О предоставлении помещений кандидатам для проведения встреч с избирателями (выборщиками) на договорной основе и определение мест для размещения агитационных печатных материалов в период выборов»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление акимата города Жанаозен от 4 апреля 2018 года № 191 «О предоставлении помещений кандидатам для проведения встреч с избирателями (выборщиками) на договорной основе и определение мест для размещения агитационных печатных материалов в период выборов»
- Атауы (қаз.)
- Жаңаөзен қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 4 сәуірдегі № 191 «Сайлау кезеңінде сайлаушылармен (таңдаушылармен) кездесу өткізу үшін кандидаттарға шарттық негізінде үй-жайлар беру және үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 148
- Қабылданған күні
- 06.04.2021
- Көрсетілген редакция
- 06.04.2021 154507_516976.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 06.04.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V21MB004471
- ЭКБ идентификаторы
- 154507
- Редакция идентификаторы
- 154507_516976
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 08:46
0 Жаңаөзен қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 4 сәуірдегі № 191 «Сайлау кезеңінде сайлаушылармен (таңдаушылармен) кездесу өткізу үшін кандидаттарға шарттық негізінде үй-жайлар беру және үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңына сәйкес, Жаңаөзен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. «Сайлау кезеңінде сайлаушылармен (таңдаушылармен) кездесу өткізу үшін кандидаттарға шарттық негізінде үй-жайлар беру және үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу туралы» Жаңаөзен қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 4 сәуірдегі № 191 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3579 болып тіркелген, 2018 жылғы 28 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде жарияланған) келесідей өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының 1, 2 қосымшалары осы қаулының 1, 2 қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2 2. «Жаңаөзен қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі (К. Кусайнов) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау «Жаңаөзен қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің басшысы К. Кусайновқа жүктелсін.
4 4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
0 Сайлау кезеңінде сайлаушылармен (таңдаушылармен) кездесу өткізу үшін кандидаттарға шарттық негізде берілетін үй-жайлар
Жаңаөзен қаласы
әкімдігінің
2021 жылғы 6 сәуірдегі
№ 148 қаулысына 1 қосымша
Жаңаөзен қаласы әкімдігінің
2018 жылғы 4 сәуірдегі
№ 191 қаулысына 1 қосымша
Сайлау кезеңінде сайлаушылармен (таңдаушылармен) кездесу өткізу үшін кандидаттарға шарттық негізде берілетін үй-жайлар
№
р/с
Елді мекеннің атауы
Сайлау кезеңінде сайлаушылармен (таңдаушылармен) кездесу өткізу үшін кандидаттарға шарттық негізде берілетін үй-жайлар
1
Жаңаөзен қаласы
Маңғыстау облысының білім басқармасының Жаңаөзен қаласы бойынша білім бөлімінің «Оқушылар шығармашылық үйі» жедел басқару құқығындағы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының акт залы
2
Жаңаөзен қаласы
«Авто-Көлик» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, «Ақсарай» қонақ үйінің акт залы
3
Жаңаөзен қаласы
Жаңаөзен қаласы әкімдігінің «Өнер» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының акт залы
4
Теңге ауылы
Маңғыстау облысының білім басқармасының Жаңаөзен қаласы бойынша білім бөлімінің «№ 17 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің акт залы
5
Қызылсай ауылы
Маңғыстау облысының білім басқармасының Жаңаөзен қаласы бойынша білім бөлімінің «Сүгір Бегендікұлы атындағы № 4 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің акт залы
6
Рахат ауылы
Маңғыстау облысының білім басқармасының Жаңаөзен қаласы бойынша білім бөлімінің «№ 21 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің акт залы
0 Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар
Жаңаөзен қаласы
әкімдігінің
2021 жылғы 6 сәуірдегі
№ 148
қаулысына 2 қосымша
Жаңаөзен қаласы әкімдігінің
2018 жылғы 4 сәуірдегі
№ 191 қаулысына 2 қосымша
Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар
№
р/с
Елді мекеннің атауы
Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар
1
Жаңаөзен қаласы
«Өркен» шағын ауданындағы № 19 үйдің жанында орнатылған ақпараттық стенд
2
Жаңаөзен қаласы
Сәтпаев көшесіндегі қала әкімдігі ғимаратына қарама-қарсы орнатылған ақпараттық стенд
3
Жаңаөзен қаласы
«Шаңырақ» шағын ауданындағы № 27 үйге қарама-қарсы орнатылған ақпараттық стенд
4
Жаңаөзен қаласы
«Жалын» шағын ауданындағы Мемлекеттік мекемелер ғимаратының жанында орнатылған ақпараттық стенд
5
Жаңаөзен қаласы
«Көктем» шағын ауданы № 22 үйдің жанында орнатылған ақпараттық стенд
6
Теңге ауылы
Теңге ауылы Достық даңғылы бойында орнатылған ақпараттық стенд
7
Қызылсай ауылы
Маңғыстау облысының білім басқармасының Жаңаөзен қаласы бойынша білім бөлімінің «Сүгір Бегендікұлы атындағы № 4 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратына қарама-қарсы орнатылған ақпараттық стенд
8
Рахат ауылы
Маңғыстау облысының білім басқармасының Жаңаөзен қаласы бойынша білім бөлімінің «№ 18 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратына қарама-қарсы орнатылған ақпараттық стенд