О внесении изменения в решение маслихата от 4 мая 2018 года № 202 «Об утверждении Регламента собрания местного сообщества Первомайского сельского округа Мендыкаринского района»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в решение маслихата от 4 мая 2018 года № 202 «Об утверждении Регламента собрания местного сообщества Первомайского сельского округа Мендыкаринского района»
- Атауы (қаз.)
- Мәслихаттың 2018 жылғы 4 мамырдағы № 202 «Меңдіқара ауданы Первомай ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 323
- Қабылданған күні
- 15.11.2019
- Көрсетілген редакция
- 24.01.2020 136252_441355.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 24.01.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V19NO008774
- ЭКБ идентификаторы
- 136252
- Редакция идентификаторы
- 136252_441355
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 17:51
0 Мәслихаттың 2018 жылғы 4 мамырдағы № 202 «Меңдіқара ауданы Первомай ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабы 3-1-тармағына сәйкес Меңдіқара аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Мәслихаттың «Меңдіқара ауданы Первомай ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы» 2018 жылғы 4 мамырдағы № 202 шешіміне (2018 жылғы 29 мамырда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7771 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Регламенттің 4-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«4. Жиналыс жергілікті маңызы бар ағымдағы мына мәселелер:
бағдарламалық құжаттардың, жергілікті қоғамдастықты дамыту бағдарламаларының жобаларын талқылау және қарау;
Первомай ауылдық округі (бұдан әрі - ауылдық округ) бюджетінің жобасын және бюджеттің атқарылуы туралы есепті келісу;
ауылдық округ әкімі аппаратының ауылдық округтің коммуналдық меншігін (жергілікті өзін - өзі басқарудың коммуналдық меншігін) басқару жөніндегі шешімдерін келісу;
бюджеттің атқарылуын мониторингтеу мақсатында жиналысқа қатысушылар қатарынан жергілікті қоғамдастық комиссиясын құру;
ауылдық округ бюджетінің атқарылуына жүргізілген мониторинг нәтижелері туралы есепті тыңдау және талқылау;
ауылдық округтің коммуналдық мүлкін иеліктен шығаруды келісу;
жергілікті қоғамдастықтың өзекті мәселелерін, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қозғайтын нормативтік құқықтық актілердің жобаларын талқылау;
ауылдық округ әкімін сайлауды өткізуге аудан мәслихатына одан әрі ұсыну үшін ауылдық округ әкімінің қызметіне аудан әкімі ұсынған кандидатураларды келісу;
ауылдық округтің әкімін лауазымынан босату туралы мәселеге бастамашылық жасау;
жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын және тиісті аумақтарда орналасқан мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың басшыларын тағайындау бойынша ұсыныстар енгізу;
жергілікті қоғамдастықтың басқа да ағымдағы мәселелері бойынша өткізіледі.».