Құжат мәтініне өту

О внесении изменения в решение маслихата от 4 мая 2018 года № 203 «Об утверждении Регламента собрания местного сообщества Михайловского сельского округа Мендыкаринского района»

Өзге акт · № 300 · қабылданған 17.09.2019
Заңдық күші: Күшін жойған · 18.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/4-2018-no-203/on/2026-08-18/
Басып шығарылды 2026-08-18 · adilet.kz
О внесении изменения в решение маслихата от 4 мая 2018 года № 203 «Об утверждении Регламента собрания местного сообщества Михайловского сельского округа Мендыкаринского района» Күшін жойған Өзге акт ·№ 300 ·17.09.2019
24.01.2020 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
18.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.01.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменения в решение маслихата от 4 мая 2018 года № 203 «Об утверждении Регламента собрания местного сообщества Михайловского сельского округа Мендыкаринского района»

Күшін жойған Өзге акт ·№ 300 · 18.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения в решение маслихата от 4 мая 2018 года № 203 «Об утверждении Регламента собрания местного сообщества Михайловского сельского округа Мендыкаринского района»
Атауы (қаз.)
Мәслихаттың 2018 жылғы 4 мамырдағы № 203 «Меңдіқара ауданы Михайлов ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
300
Қабылданған күні
17.09.2019
Көрсетілген редакция
24.01.2020 134805_441347.kaz
Соңғы өзгеріс
24.01.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V19NO008666
ЭКБ идентификаторы
134805
Редакция идентификаторы
134805_441347
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 18:29

0 Мәслихаттың 2018 жылғы 4 мамырдағы № 203 «Меңдіқара ауданы Михайлов ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабы 3-1-тармағына сәйкес Меңдіқара аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1

1. Мәслихаттың «Меңдіқара ауданы Михайлов ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы» 2018 жылғы 4 мамырдағы № 203 шешіміне (2018 жылғы 29 мамырда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7772 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Регламенттің 4-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«4. Жиналыс жергілікті маңызы бар ағымдағы мына мәселелер:
бағдарламалық құжаттардың, жергілікті қоғамдастықты дамыту бағдарламаларының жобаларын талқылау және қарау;
Михайлов ауылдық округ (бұдан әрі - ауылдық округ) бюджетінің жобасын және бюджеттің атқарылуы туралы есепті келісу;
ауылдық округ әкімі аппаратының ауылдық округтің коммуналдық меншігін (жергілікті өзін - өзі басқарудың коммуналдық меншігін) басқару жөніндегі шешімдерін келісу;
бюджеттің атқарылуын мониторингтеу мақсатында жиналысқа қатысушылар қатарынан жергілікті қоғамдастық комиссиясын құру;
ауылдық округ бюджетінің атқарылуына жүргізілген мониторинг нәтижелері туралы есепті тыңдау және талқылау;
ауылдық округтің коммуналдық мүлкін иеліктен шығаруды келісу;
жергілікті қоғамдастықтың өзекті мәселелерін, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қозғайтын нормативтік құқықтық актілердің жобаларын талқылау;
ауылдық округ әкімін сайлауды өткізуге аудан мәслихатына одан әрі ұсыну үшін ауылдық округ әкімінің қызметіне аудан әкімі ұсынған кандидатураларды келісу;
ауылдық округтің әкімін лауазымынан босату туралы мәселеге бастамашылық жасау;
жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын және тиісті аумақтарда орналасқан мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың басшыларын тағайындау бойынша ұсыныстар енгізу;
жергілікті қоғамдастықтың басқа да ағымдағы мәселелері бойынша өткізіледі.».

2 2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы