О внесении изменений в постановление акимата города Аксу от 4 мая 2018 года № 278/5 «Об утверждении методики оценки деятельности административных государственных служащих корпуса «Б» исполнительных органов акимата города Аксу»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление акимата города Аксу от 4 мая 2018 года № 278/5 «Об утверждении методики оценки деятельности административных государственных служащих корпуса «Б» исполнительных органов акимата города Аксу»
- Атауы (қаз.)
- Ақсу қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 4 мамырдағы «Ақсу қаласы әкімдігі атқарушы органдары «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы» № 278/5 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 926/7
- Қабылданған күні
- 15.11.2022
- Көрсетілген редакция
- 15.11.2022 173928_601000.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 15.11.2022
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G22PB09267A
- ЭКБ идентификаторы
- 173928
- Редакция идентификаторы
- 173928_601000
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 23:03
0 Ақсу қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 4 мамырдағы «Ақсу қаласы
әкімдігі атқарушы органдары «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы»
№ 278/5 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Ақсу қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Ақсу қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 4 мамырдағы «Ақсу қаласы әкімдігі атқарушы органдарының «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы» № 278/5 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5978 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Ақсу қаласы әкімдігі атқарушы органдарының «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемеде:
41-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
«41. «Б» корпусының қызметшісін бағалау нәтижелерімен таныстыру жазбаша түрде жүргізіледі. Қызметші танысудан бас тартқан жағдайда, еркін түрде акт құрылып, персоналды басқару бөлімімен және мемлекеттік органның басқа екі қызметшісімен қол қойылған акт толтырылады.
Бұл ретте танысудан бас тартқан қызметшілерге бағалау нәтижелері мемлекеттік органдардың интранет-порталы және/немесе мемлекеттік қызмет персоналы бойынша автоматтандырылған бірыңғай дерекқор (ақпараттық жүйенің) не электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы осы Әдістеменің 40-тармағында көрсетілген мерзімде жолданады.»;
42-тармақ алып тасталсын.