Кіру
Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 4 июня 2018 года № 323 «Об утверждении Правил поступлений от передачи в конкурентную среду активов национальных управляющих холдингов, национальных холдингов, национальных компаний и их дочерних, зависимых и иных юридических лиц, являющихся аффилированными с ними, в Национальный фонд Республики Казахстан»

Қаулы · № 184 · қабылданған 30.03.2021
Заңдық күші: Күшін жойған · 18.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/4-2018-no-323/on/2026-09-18/
Басып шығарылды 2026-09-18 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 4 июня 2018 года № 323 «Об утверждении Правил поступлений от передачи в конкурентную среду активов национальных управляющих холдингов, национальных холдингов, национальных компаний и их дочерних, зависимых и иных юридических лиц, являющихся аффилированными с ними, в Национальный фонд Республики Казахстан» Күшін жойған Қаулы ·№ 184 ·30.03.2021
11.07.2023 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
18.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.07.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 4 июня 2018 года № 323 «Об утверждении Правил поступлений от передачи в конкурентную среду активов национальных управляющих холдингов, национальных холдингов, национальных компаний и их дочерних, зависимых и иных юридических лиц, являющихся аффилированными с ними, в Национальный фонд Республики Казахстан»

Күшін жойған Қаулы ·№ 184 · 18.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 4 июня 2018 года № 323 «Об утверждении Правил поступлений от передачи в конкурентную среду активов национальных управляющих холдингов, национальных холдингов, национальных компаний и их дочерних, зависимых и иных юридических лиц, являющихся аффилированными с ними, в Национальный фонд Республики Казахстан»
Атауы (қаз.)
«Ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің,ұлттық компаниялардың және олардың еншілес, тәуелді және олармен үлестес болып табылатын өзге де заңды тұлғалардың активтерін бәсекелес ортаға беруден Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына түсетін түсімдердің қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 4 маусымдағы № 323 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
184
Қабылданған күні
30.03.2021
Көрсетілген редакция
11.07.2023 154277_642378.kaz
Соңғы өзгеріс
11.07.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P2100000184
ЭКБ идентификаторы
154277
Редакция идентификаторы
154277_642378
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 09:00

0 «Ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің,

ұлттық компаниялардың және олардың еншілес, тәуелді және олармен үлестес болып табылатын өзге де заңды тұлғалардың активтерін
бәсекелес ортаға беруден Қазақстан Республикасының Ұлттық
қорына түсетін түсімдердің қағидаларын бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 4 маусымдағы
№ 323 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың және олардың еншілес, тәуелді және олармен үлестес болып табылатын өзге де заңды тұлғалардың активтерін бәсекелес ортаға беруден Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына түсетін түсімдердің қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 4 маусымдағы № 323 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2018 ж., № 29-30, 161-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың және олардың еншілес, тәуелді және олармен үлестес болып табылатын өзге де заңды тұлғалардың активтерін бәсекелес ортаға беруден Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына түсетін түсімдердің қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың және олардың еншілес, тәуелді және олармен үлестес болып табылатын өзге де заңды тұлғалардың активтерін бәсекелес ортаға беруден Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына түсетін түсімдердің қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 22-бабы 2-тармағының 3-1) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тізбелер (бұдан әрі – тізбе) бойынша ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың және олардың еншілес, тәуелді және олармен үлестес болып табылатын өзге де заңды тұлғалардың активтерін бәсекелес ортаға беруден Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына (бұдан әрі – Ұлттық қор) түсетін түсімдердің тәртібін белгілейді.»;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 29 желтоқсандағы № 908 қаулысымен бекітілген Жекешелендірудің 2021 − 2025 жылдарға арналған кешенді жоспарында (бұдан әрі – Жекешелендірудің 2021 − 2025 жылдарға арналған кешенді жоспары) көзделген «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Қор) тобының активтерін бәсекелес ортаға беруден түсетін түсімдердің 50 % (елу) пайыз мөлшеріндегі қаражат Ұлттық қорға аударылады, 50 % (елу) пайызы мөлшеріндегі қалған сома Қор басқармасы айқындайтын тәртіппен оларды одан әрі қайта инвестициялау мақсаттары үшін Қор тобының иелігінде қалады.
Өткізудің, қайта ұйымдастырудың, таратудың мерзімдерін, тәсілдерін, сондай-ақ өзге де шарттарын Қор басқармасы айқындайтын Қордың еншілес, тәуелді ұйымдарын және онымен үлестес болып табылатын өзге де заңды тұлғаларды сатудан түсетін қаражат Ұлттық қорға аударылуға жатпайды және толық көлемде Қор тобының иелігінде қалады.
«Қазақстан инжиниринг» (Kazakhstan Еngineering) ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының активтерін бәсекелес ортаға беруден түсетін қаражат есебінен Ұлттық қорға аударылатын қаражат мөлшері Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссиясының шешіміне сәйкес ішкі борышты өтеу үшін қажетті сомаға түзетіледі.»;
мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:
«5-1. Жекешелендірудің 2021 – 2025 жылдарға арналған кешенді жоспарында көзделген активтерді бәсекелес ортаға беруден түскен, ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар және олардың еншілес, тәуелді және олармен үлестес болып табылатын өзге де заңды тұлғалар Ұлттық қорға жіберетін қаражат сатушының шотына қаражат түскен күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде аударылады.».

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы