О внесении изменения в совместный приказ Министра цифрового развития, оборонной и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан от 4 июня 2019 года № 114/НҚ и Министра национальной экономики Республики Казахстан от 6 июня 2019 года № 52 «Об утверждении критериев оценки степени риска и проверочных листов в сфере информатизации, связи, за соблюдением законодательства Республики Казахстан об электронном документе и электронной цифровой подписи»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в совместный приказ Министра цифрового развития, оборонной и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан от 4 июня 2019 года № 114/НҚ и Министра национальной экономики Республики Казахстан от 6 июня 2019 года № 52 «Об утверждении критериев оценки степени риска и проверочных листов в сфере информатизации, связи, за соблюдением законодательства Республики Казахстан об электронном документе и электронной цифровой подписи»
- Атауы (қаз.)
- «Ақпараттандыру, байланыс саласындағы, Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасының сақталуына тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2019 жылғы 4 маусымдағы № 114/НҚ және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 6 маусымдағы № 52 бірлескен бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 382/НҚ
- Қабылданған күні
- 13.10.2020
- Көрсетілген редакция
- 13.10.2020 147735_487784.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 13.10.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2000021499
- ЭКБ идентификаторы
- 147735
- Редакция идентификаторы
- 147735_487784
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 12:19
0
«Ақпараттандыру, байланыс саласындағы, Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасының сақталуына тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2019 жылғы 4 маусымдағы № 114/НҚ және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 6 маусымдағы № 52 бірлескен бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫЗ:
1
1. «Ақпараттандыру, байланыс саласындағы, Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасының сақталуына тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2019 жылғы 4 маусымдағы № 114/НҚ және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 6 маусымдағы № 52 бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №18805 болып тіркелген, 2019 жылғы 26 маусымда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Байланыс саласындағы тәуекел дәріжесін бағалау өлшемшарттарында:
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«Байланыс саласында жоғары тәуекел дәрежесіне байланыстың лицензияланатын қызмет түрлерін көрсететін тексерілетін субъектілер, сондай-ақ ведомстволық және корпоративтік телекоммуникациялар желілерінің, ортақ пайдаланылатын телекоммуникациялар желісіне, қалааралық телефон байланысына, халықаралық телефон байланысына, ұялы байланысқа қосылатын жекелеген коммуникациялық жабдықтың иелері жатады.».
2 2. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Телекоммуникациялар комитеті:
1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3 3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер беруді қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі
вице-министріне жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Бас прокуратурасының Құқықтық
статистика және арнайы
есепке алу жөніндегі комитеті