Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в постановление акимата города Алматы от 4 февраля 2019 года № 1/89 «О некоторых вопросах реорганизации коммунального государственного учреждения «Аппарат акима города Алматы»

Қаулы · № 2/239 · қабылданған 08.04.2024
Заңдық күші: Қолданыста · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/4-2019-no-189-ekb-195509/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в постановление акимата города Алматы от 4 февраля 2019 года № 1/89 «О некоторых вопросах реорганизации коммунального государственного учреждения «Аппарат акима города Алматы» Қолданыста Қаулы ·№ 2/239 ·08.04.2024
08.04.2024 редакциясы
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 08.04.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в постановление акимата города Алматы от 4 февраля 2019 года № 1/89 «О некоторых вопросах реорганизации коммунального государственного учреждения «Аппарат акима города Алматы»

Қолданыста Қаулы ·№ 2/239 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в постановление акимата города Алматы от 4 февраля 2019 года № 1/89 «О некоторых вопросах реорганизации коммунального государственного учреждения «Аппарат акима города Алматы»
Атауы (қаз.)
Алматы қаласы әкімдігінің «Алматы қаласы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» 2019 жылғы 4 ақпандағы № 1/89 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
2/239
Қабылданған күні
08.04.2024
Көрсетілген редакция
08.04.2024 195509_801973.kaz
Соңғы өзгеріс
08.04.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G24R002239A
ЭКБ идентификаторы
195509
Редакция идентификаторы
195509_801973
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 12:09

0 Алматы қаласы әкімдігінің «Алматы қаласы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» 2019 жылғы 4 ақпандағы № 1/89 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Алматы қаласы әкімдігінің «Алматы қаласы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» 2019 жылғы 4 ақпандағы № 1/89 қаулысына келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

«Алматы қаласы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
туралы ережедегі:
14 тармақтың 12) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:
«12) өтініштерді талдау және өтініш берушілер көтеретін жүйелі проблемаларды анықтау;»;
14 тармақтың 27), 28) және 29) тармақшалары алынып тасталсын;
14 тармақ келесі мазмұндағы 31-1) және 31-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«31-1) тіл қағидаты бойынша кемсітушілікке жол бермеу жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізу;
31-2) халық, оның ішінде азаматтық және мемлекеттік қызметшілер үшін тілдерді оқыту курстарын ұйымдастыру;»;
14 тармақтың 37) тармақшасы алынып тасталсын;
14 тармақ келесі мазмұндағы 39) тармақшамен толықтырылсын:
«39) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау.»;
23 тармақ келесі редакцияда жазылсын:
«23. Әкім аппаратын қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады».

2 2. «Алматы қаласы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:

1 1) Алматы қаласының әділет органдарына оның Құрылтай құжатына енгізілген өзгерістер туралы хабарласын;

2

2) осы қаулыны ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді қамтамасыз етсін.

3 3. Қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.

4 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы