О внесении изменения в решение Кобдинского районного маслихата от 4 января 2019 года № 208 «О предоставлении социальной поддержки специалистам в области здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и агропромышленного комплекса, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты Кобдинского района на 2019 год»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в решение Кобдинского районного маслихата от 4 января 2019 года № 208 «О предоставлении социальной поддержки специалистам в области здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и агропромышленного комплекса, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты Кобдинского района на 2019 год»
- Атауы (қаз.)
- Қобда аудандық мәслихатының 2019 жылғы 4 қаңтардағы № 208 «Қобда ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға 2019 жылға әлеуметтік қолдау көрсету туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 249
- Қабылданған күні
- 05.08.2019
- Көрсетілген редакция
- 05.08.2019 133973_417679.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 05.08.2019
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V19CG006329
- ЭКБ идентификаторы
- 133973
- Редакция идентификаторы
- 133973_417679
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 18:53
0
Қобда аудандық мәслихатының 2019 жылғы 4 қаңтардағы № 208 «Қобда ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға 2019 жылға әлеуметтік қолдау көрсету туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңының 18 бабының 8 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы №183 «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін айқындау туралы» қаулысына сәйкес, Қобда аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Қобда аудандық мәслихатының 2019 жылғы 4 қаңтардағы № 208 «Қобда ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға 2019 жылға әлеуметтік қолдау көрсету туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3-7-190 болып тіркелген, 2019 жылғы 17 қаңтарда «Қобда» газетінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:
1 тармақтағы 1 тармақша келесі редакцияда мазмұндалсын:
«1) жүз еселік айлық есептік көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы;».