О снятии ограничительных мероприятий и признании утратившим силу решения акима Колдененского сельского округа от 4 мая 2019 года № 3 «Об установлении ограничительных мероприятий в крестьянских хозяйствах «Сабыр», «Даурен», «Алибек» на участке Баракпай относящийся Колдененскому сельскому округу Урджарского района
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О снятии ограничительных мероприятий и признании утратившим силу решения акима Колдененского сельского округа от 4 мая 2019 года № 3 «Об установлении ограничительных мероприятий в крестьянских хозяйствах «Сабыр», «Даурен», «Алибек» на участке Баракпай относящийся Колдененскому сельскому округу Урджарского района
- Атауы (қаз.)
- Шектеу іс шараларын тоқтату және Көлденең ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 4 мамырдағы № 3 «Үржар ауданы Көлденең ауылдық округіне қарасты Барақпай учаскесіндегі «Сабыр», «Дәурен», «Әлібек» шаруа қожалықтарына шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» шешімінің күші жойылды деп тану туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 14
- Қабылданған күні
- 03.10.2019
- Көрсетілген редакция
- 03.10.2019 135146_423108.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 03.10.2019
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V19VR006190
- ЭКБ идентификаторы
- 135146
- Редакция идентификаторы
- 135146_423108
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 18:18
0 Шектеу іс шараларын тоқтату және Көлденең
ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 4 мамырдағы
№ 3 «Үржар ауданы Көлденең ауылдық округіне қарасты
Барақпай учаскесіндегі «Сабыр», «Дәурен», «Әлібек» шаруа қожалықтарына шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» шешімінің
күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңының 10-1 бабының 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 46-бабының 2 тармағының 4) тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылық министірлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Үржар аудандық аумақтық инспекциясы басшысының 2019 жылғы 10 қыркүйектегі № 221 ұсынысы негізінде Көлденең ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Ірі қара малдары арасынан бруцеллез індетінің ошақтарын жою жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар кешені жүргізілгеніне байланысты, Үржар ауданы Көлденең ауылдық округіне қарасты Барақпай учаскесіндегі «Сабыр», «Дәурен», «Әлібек» шаруа қожалықтарына қойылған шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.
2
2. Көлденең ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 4 мамырдағы № 3 «Үржар ауданы Көлденең ауылдық округіне қарасты Барақпай учаскесіндегі «Сабыр», «Дәурен», «Әлібек» шаруа қожалықтарына шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5973 болып тіркелген және 2019 жылдың 6 маусымында Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электронды түрде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.