Құжат мәтініне өту

О внесении изменения и дополнений в приказ Министра индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан от 4 июня 2019 года № 359 «Об утверждении Правил по обмеру судов»

Бұйрық · № 359 · қабылданған 08.07.2021
Заңдық күші: Қолданыста · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/4-2019-no-359/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
О внесении изменения и дополнений в приказ Министра индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан от 4 июня 2019 года № 359 «Об утверждении Правил по обмеру судов» Қолданыста Бұйрық ·№ 359 ·08.07.2021
08.07.2021 редакциясы
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 08.07.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменения и дополнений в приказ Министра индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан от 4 июня 2019 года № 359 «Об утверждении Правил по обмеру судов»

Қолданыста Бұйрық ·№ 359 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения и дополнений в приказ Министра индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан от 4 июня 2019 года № 359 «Об утверждении Правил по обмеру судов»
Атауы (қаз.)
«Кемелерді өлшеу жөніндегі қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 4 маусымдағы № 359 бұйрығына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
359
Қабылданған күні
08.07.2021
Көрсетілген редакция
08.07.2021 157040_532200.kaz
Соңғы өзгеріс
08.07.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2100023550
ЭКБ идентификаторы
157040
Редакция идентификаторы
157040_532200
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 07:39

0 «Кемелерді өлшеу жөніндегі қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 4 маусымдағы № 359 бұйрығына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Кемелерді өлшеу жөніндегі қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 4 маусымдағы № 359 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18799 болып тіркелген) мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Кемелерді өлшеу жөніндегі қағидаларда:
орыс тілдегі мәтіндегі 5-тармаққа өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгерілмейді;
мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:
«5-1. Кемелердің сыйымдылығын, жарығын есептеуді және құжаттарды ресімдеуді қоса алғанда, кемелерді өлшеу жөніндегі жұмыстарды кеме иесінің өтінімдері бойынша шетелдік сыныптау қоғамдары жүзеге асырады.»;
мынадай мазмұндағы 3 және 4-тараулармен толықтырылсын:
«3-тарау. Халықаралық өлшеу куәлігі.
17. Сыйымдылығы Қағидаларға сәйкес айқындалған халықаралық рейстерді орындайтын кемелерге шетелдік сыныптау қоғамдары Кемелерді өлшеу жөніндегі халықаралық конвенциямен бекітілген тәртіпте және нысан бойынша Халықаралық өлшеу куәлігін береді.
18. Кемеге Халықаралық өлшеу куәлігін беруді кеме иесінің өтінімі бойынша шетелдік сыныптау қоғамдары жүзеге асырады.
19. Кеменің жалауы, тіркеу порты, атауы, пайдалану кезіндегі шақыру сигналы өзгерген кезде Халықаралық өлшеу куәлігін ауыстыруға арналған өтінім өлшеу куәлігін бергенге дейін кемені жедел куәландыру мүмкіндігі бар шетелдік сыныптау қоғамдарына жіберіледі.
20. Кемеде бір ғана Халықаралық өлшеу куәлігі болады. Қолданыстағы халықаралық өлшеу куәлігі болған жағдайда кемеде сыйымдылық есебінің болуы міндетті емес.
4-тарау. Халықаралық өлшеу куәлігінің күшін жою.
21. Егер кемеде кеменің жалпы сыйымдылығының немесе таза сыйымдылығының ұлғаюына әкелетін осындай өзгерістер орын алса, Халықаралық өлшеу куәлігі күшін жояды және оны берген ұйым күшін жояды.
22. Халықаралық өлшеу куәлігі кеменің атауы мен тіркелген порты өзгерген кезде, сондай-ақ Кемелерді өлшеу жөніндегі халықаралық конвенцияның 10-бабының 3-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, кемені басқа мемлекеттің туына берген кезде жарамсыз болады.
23. Халықаралық өлшеу куәлігі күшін жойған кезде шетелдік сыныптау қоғамдары бұл туралы Қазақстан Республикасы порттарының теңіз әкімшілігін хабардар етеді.»;

2 2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көлік комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы