О внесении изменения в решение Северо-Казахстанского областного маслихата от 4 октября 2019 года № 37/4 «Об определении размера и перечня категорий получателей жилищных сертификатов по Северо-Казахстанской области»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в решение Северо-Казахстанского областного маслихата от 4 октября 2019 года № 37/4 «Об определении размера и перечня категорий получателей жилищных сертификатов по Северо-Казахстанской области»
- Атауы (қаз.)
- Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2019 жылғы 4 қазандағы № 37/4 «Солтүстік Қазақстан облысы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшерін және алушылар санатының тізбесін айқындау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 11/3
- Қабылданған күні
- 22.11.2021
- Көрсетілген редакция
- 22.11.2021 161315_549709.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 22.11.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V21S0025627
- ЭКБ идентификаторы
- 161315
- Редакция идентификаторы
- 161315_549709
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 05:43
0 Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2019 жылғы 4 қазандағы
№ 37/4 «Солтүстік Қазақстан облысы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшерін және алушылар санатының
тізбесін айқындау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
ШЕШТІ:
1
1. «Солтүстік Қазақстан облысы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшерін және алушылар санатының тізбесін айқындау туралы» Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2019 жылғы 4 қазандағы № 37/4 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5621 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2 2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
1 Солтүстік Қазақстан
облыстық мәслихатының
2021 жылғы 22 қарашадағы
№ 11/3 шешіміне
қосымша
Солтүстік Қазақстан
облыстық мәслихатының
2019 жылғы 4 қазандағы
№ 37/4 шешіміне
қосымша
1 1. Әрбір алушы үшін тұрғын үй сертификаттарының мөлшері:
1 1) Тұрғын үй қарызы сомасынан 10 пайыз, алайда әлеуметтік көмек түрі ретінде 1 500 000 (бір миллион бес жүз мың) теңгеден артық емес;
2 2) Тұрғын үй қарызы сомасының 10 пайызы, алайда әлеуметтік қолдау түрі ретінде 1 500 000 (бір миллион бес жүз мың) теңгеден артық емес.
2 2. Тұрғын үй сертификаттарын алушылар санатының тізбесі:
1 1) мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеушi отбасылар;
2 2) «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көпбалалы аналар, көпбалалы отбасылар;
3 3) толық емес отбасылар;
4
4) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2019 жылғы 29 наурыздағы № 154 «Еңбек ресурстарын болжаудың ұлттық жүйесін қалыптастыру және оның нәтижелерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген, Еңбек ресурстарын болжаудың ұлттық жүйесін қалыптастыру және оның нәтижелерін пайдалану қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18445 болып тіркелген) сәйкес құрылатын еңбек ресурстарының болжамы есебімен, еңбек және жұмыспен қамту статистикасы бойынша статистикалық байқауларды талдау негізінде денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт салаларындағы бюджеттiк ұйымдарында еңбек қызметтерін жүзеге асыратын қажетті мамандар.