Құжат мәтініне өту

О внесении изменения в решение Северо-Казахстанского областного маслихата от 4 октября 2019 года № 37/4 «Об определении размера и перечня категорий получателей жилищных сертификатов по Северо-Казахстанской области»

Өзге акт · № 23/5 · қабылданған 28.03.2025
Заңдық күші: Қолданыста · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/4-2019-no-374/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
О внесении изменения в решение Северо-Казахстанского областного маслихата от 4 октября 2019 года № 37/4 «Об определении размера и перечня категорий получателей жилищных сертификатов по Северо-Казахстанской области» Қолданыста Өзге акт ·№ 23/5 ·28.03.2025
28.03.2025 редакциясы
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.03.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменения в решение Северо-Казахстанского областного маслихата от 4 октября 2019 года № 37/4 «Об определении размера и перечня категорий получателей жилищных сертификатов по Северо-Казахстанской области»

Қолданыста Өзге акт ·№ 23/5 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения в решение Северо-Казахстанского областного маслихата от 4 октября 2019 года № 37/4 «Об определении размера и перечня категорий получателей жилищных сертификатов по Северо-Казахстанской области»
Атауы (қаз.)
Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2019 жылғы 4 қазандағы № 37/4 «Солтүстік Қазақстан облысы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшерін және алушылар санатының тізбесін айқындау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
23/5
Қабылданған күні
28.03.2025
Көрсетілген редакция
28.03.2025 208831_759291.kaz
Соңғы өзгеріс
28.03.2025
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V25S0788315
ЭКБ идентификаторы
208831
Редакция идентификаторы
208831_759291
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 05:22

0 Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2019 жылғы 4 қазандағы № 37/4 «Солтүстік Қазақстан облысы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшерін және алушылар санатының тізбесін айқындау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1

1. Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының «Солтүстік Қазақстан облысы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшерін және алушылар санатының тізбесін айқындау туралы» 2019 жылғы 4 қазандағы № 37/4 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5621 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімге қосымшаның 2-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«2. Тұрғын үй сертификаттарын алушылар санатының тізбесі:
1) Ұлы Отан соғысының ардагерлері;
2) жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер;
3) басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері;
4) бірінші және екінші топтардағы мүгедектігі бар адамдар;
5) мүгедектігі бар балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар;
6) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекiтетiн аурулар тiзiмiнде аталған кейбiр созылмалы аурулардың ауыр түрлерiмен ауыратын адамдар;
7) жасына қарай зейнет демалысына шыққан зейнеткерлер;
8) кәмелетке толғанға дейiн ата-аналарынан айырылған жиырма тоғыз жасқа толмаған жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар жатады;
9) қандастар;
10) экологиялық зiлзалалар, табиғи және техногендi сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан тұрғын үйiнен айырылған адамдар;
11) «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көпбалалы аналар, көпбалалы отбасылар;
12) мемлекеттiк немесе қоғамдық мiндеттерiн, әскери қызметiн орындау кезiнде, ғарыш кеңістігіне ұшуды дайындау немесе жүзеге асыру кезінде, адам өмiрiн құтқару кезiнде, құқық тәртiбiн қорғау кезiнде қаза тапқан (қайтыс болған) адамдардың отбасылары;
13) толық емес отбасылар;
14) асырауында кәмелетке толмаған балалары және жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында жалпы білім беретін немесе кәсіптік бағдарламалар бойынша күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын, бірақ жиырма үш жасқа толмаған балалары бар жесір әйелдер (тұл ер адамдар) жатады.
15) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 20 мамырдағы № 161 «Еңбек ресурстарын болжаудың ұлттық жүйесін қалыптастыру және оның нәтижелерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген, Еңбек ресурстарын болжаудың ұлттық жүйесін қалыптастыру және оның нәтижелерін пайдалану қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32546 болып тіркелген) сәйкес құрылатын еңбек ресурстарының болжамы есебімен, еңбек және жұмыспен қамту статистикасы бойынша статистикалық байқауларды талдау негізінде денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт салаларындағы бюджеттiк ұйымдарында еңбек қызметтерін жүзеге асыратын, қажетті мамандар.».

2 2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы