О внесении изменений в решение маслихата от 4 октября 2019 года № 433 «Об утверждении Правил погребения и организации дела по уходу за могилами в Костанайской области»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение маслихата от 4 октября 2019 года № 433 «Об утверждении Правил погребения и организации дела по уходу за могилами в Костанайской области»
- Атауы (қаз.)
- Мәслихаттың 2019 жылғы 4 қазандағы № 433 «Қостанай облысында жерлеу және қабірдерді қарап-күту жөніндегі істі ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 164
- Қабылданған күні
- 13.09.2024
- Көрсетілген редакция
- 13.09.2024 200824_720401.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 13.09.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G24N000164M
- ЭКБ идентификаторы
- 200824
- Редакция идентификаторы
- 200824_720401
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 09:40
0 Мәслихаттың 2019 жылғы 4 қазандағы № 433 «Қостанай облысында жерлеу және қабірдерді қарап-күту жөніндегі істі ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Қостанай облыстық мәслихатының «Қостанай облысында жерлеу және қабірлерді қарап-күту жөніндегі істі ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» 2019 жылғы 4 қазандағы № 433 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8711 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің қосымшасында:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Осы Жерлеудің және зираттарды күтіп ұстау ісін ұйымдастырудың үлгілік қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 1-тармағының 1-16) тармақшасына сәйкес әзірленді, «Жерлеудің және зираттарды күтіп ұстау ісін ұйымдастырудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 31 мамырдағы № 48 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18771 болып тіркелген) сәйкес әзірленді және жерлеу мен зираттарды күтіп ұстау ісін ұйымдастырудың тәртібін айқындайды.
Зират қорымдарын күтіп ұстауға және пайдалануға, қайтыс болған адамдарды немесе олардың сүйектерін жерлеуді және қайта жерлеуді ұйымдастыруға, сондай-ақ жерлеу мақсатындағы объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар «Зираттарға және жерлеу мақсатындағы объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 19 тамыздағы № ҚР ДСМ-81 «Зираттарға және жерлеу мақсатындағы объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24066 болып тіркелген) бекітілген санитариялық қағидаларында айқындалады.
Зират қорымдарын жобалау қағидаттарын айқындау және оларды күтіп ұстауға, жерлеу ісін, жерлеу салт-жорасын (адамның сүйектерін немесе күлін жерлеу рәсімін) ұйымдастыру тәртібіне, сондай-ақ жерлеу орындарын күтіп ұстауға және Қазақстан Республикасындағы жерлеу ісі мәселелері жөніндегі мамандандырылған қызметтердің жұмысына ұсынымдар «Қазақстан Республикасының Зираттарды жобалау және күтіп ұстау» қағидалар жинағымен» (ҚР ҚЖ 3.02-141-2014) айқындалады.»;
2-тармақтың 1) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
«1) азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі (бұдан әрі – тіркеуші орган) – азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді және азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуге байланысты мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің басқа да түрлерін жүзеге асыратын «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы;»;
3-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«3. Жергілікті атқарушы органдар зират қорымдары орналасқан және оларға арналған ортақ пайдаланудағы жерден елді мекеннің қайтыс болған әрбір тұрғынын немесе осы елді мекенде қайтыс болған тұрғылықты жері белгісіз адамды жерлеу үшін кемінде алты шаршы метр жер учаскесін тегін бөледі.
Зират қорымының аумағы зираттарға арналған қатарларға бөлінетін учаскелерден тұрады және оған автомобиль көлігіне арналған жүру жолдары мен зират учаскелеріне өтетін жолдар салынады.
аудандық (облыстық) маңызы бар қаланың әкімдігі:
зиратқа арналған жер учаскелерін есепке алу деректерін (мәліметтерін) жинақтауды және тіркеуді ұйымдастырады;
жерлеу, зират қорымдарын күтіп ұстау және оларға қызмет көрсету жөніндегі шарт талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
жергілікті атқарушы органның ресми интернет-ресурсында және Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 12 шілдедегі № 252/НҚ «Жария кадастрлық картаны жүргізу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33106 болып тіркелген) жария кадастрлық картада зират қорымының бос емес және бос учаскелері бойынша өзекті ақпаратты орналастырады.
Облыстық маңызы бар қаланың, қаладағы ауданның, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімі зираттарға арналған жер учаскелерін есепке алуды және тіркеуді есепке алу журналдарының негізінде жүргізеді.»;
10-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«10. Мынадай:
зират қорымын немесе оның учаскесін мерзімінен бұрын жою;
сүйектерді Қазақстан Республикасының басқа жерлеріне немесе одан тыс жерлерге қайта жерлеу үшін жекелеген зираттардан тасымалдау жағдайларын қоспағанда, жұмыс істеп тұрған және жабық зират қорымдарында сүйектерді қайта жерлеуге рұқсат етілмейді.
Қайтыс болған адамдарда аса қауіпті инфекциялық ауру (күйдіргі, конго-қырым геморрагиялық қызбасы) болмаған жағдайда жерленген сәтінен бастап алғашқы екі апта ішінде кейіннен үш жылдан ерте емес, құмдауыт жерлерде бір жылдан ерте емес халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның келісімі бойынша сүйектерді қайта жерлеуге жол беріледі.»;
13-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«13. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органы мен зират қорымының әкімшілігі арасында жерлеуге, зират қорымдарын күтіп ұстауға және оларға қызмет көрсетуге шарт жасасу жүргізілетін конкурс қорытындысы бойынша мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға сәйкес белгілінген мерзімде жүзеге асырылады.»;