О внесении изменения в постановление акимата Казталовского района от 4 мая 2019 года №142 «Об утверждении Правил возмещения расходов на служебные командировки, в том числе в иностранные государства сотрудников местных исполнительных органов Казталовского района»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в постановление акимата Казталовского района от 4 мая 2019 года №142 «Об утверждении Правил возмещения расходов на служебные командировки, в том числе в иностранные государства сотрудников местных исполнительных органов Казталовского района»
- Атауы (қаз.)
- Казталов ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 4 мамырдағы № 142 «Казталов ауданының жергілікті атқарушы органдарының қызметкерлерін қызметтік, оның ішінде шет мемлекеттерге іссапарларға арналған шығыстарды өтеудің қағидаларын бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 330
- Қабылданған күні
- 22.08.2019
- Көрсетілген редакция
- 19.02.2020 134291_444827.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 19.02.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V19ZH005773
- ЭКБ идентификаторы
- 134291
- Редакция идентификаторы
- 134291_444827
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 18:44
0 Казталов ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 4 мамырдағы № 142 «Казталов ауданының жергілікті атқарушы органдарының қызметкерлерін қызметтік, оның ішінде шет мемлекеттерге іссапарларға арналған шығыстарды өтеудің қағидаларын бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 мамырдағы № 256 «Бюджет қаражаты есебінен қызметтік іссапарларға, оның ішінде шет мемлекеттерге қызметтік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу қағидаларын бекіту туралы» қаулысын басшылыққа ала отырып, Казталов ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Казталов ауданының әкімдігінің 2019 жылғы 4 мамырдағы №142 "Казталов ауданының жергілікті атқарушы органдарының қызметкерлерін қызметтік, оның ішінде шет мемлекеттерге іссапарларға арналған шығыстарды өтеудің қағидаларын бекіту туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5665 тіркелген, 2019 жылы 27 мамырында Қазақстан Республикасының эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулысымен бекітілген Казталов ауданының жергілікті атқарушы органдарының қызметкерлерін қызметтік, оның ішінде шет мемлекеттерге іссапарларға арналған шығыстарды өтеудің қағидасында:
3- тармақта:
5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) iссапарға жіберілген жерге және тұрақты жұмыс орнына кері қарай жол жүру құжаттары болмаған кезде шығыстар осы тармақтың 3) тармақшасында көрсетiлген көлiкпен (әуе көлiгiн қоспағанда) жол жүрудiң ең төменгi құны бойынша өтеледi;» .