Құжат мәтініне өту

О внесении изменения в приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 4 мая 2020 года № 27 «Об утверждении Правил оказания государственной услуги «Государственная регистрация прав (обременений прав) на недвижимое имущество»

Бұйрық · № 755 · қабылданған 31.08.2021
Заңдық күші: Қолданыста · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/4-2020-no-27/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
О внесении изменения в приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 4 мая 2020 года № 27 «Об утверждении Правил оказания государственной услуги «Государственная регистрация прав (обременений прав) на недвижимое имущество» Қолданыста Бұйрық ·№ 755 ·31.08.2021
31.08.2021 редакциясы
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.08.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменения в приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 4 мая 2020 года № 27 «Об утверждении Правил оказания государственной услуги «Государственная регистрация прав (обременений прав) на недвижимое имущество»

Қолданыста Бұйрық ·№ 755 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения в приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 4 мая 2020 года № 27 «Об утверждении Правил оказания государственной услуги «Государственная регистрация прав (обременений прав) на недвижимое имущество»
Атауы (қаз.)
«Жылжымайтын мүлікке құқықтарды (құқық ауыртпалықтарын) мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2020 жылғы 4 мамырдағы № 27 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы»
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
755
Қабылданған күні
31.08.2021
Көрсетілген редакция
31.08.2021 158302_536637.kaz
Соңғы өзгеріс
31.08.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2100024199
ЭКБ идентификаторы
158302
Редакция идентификаторы
158302_536637
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 06:58

0 «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды (құқық ауыртпалықтарын) мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2020 жылғы 4 мамырдағы № 27 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы»

БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды (құқық ауыртпалықтарын) мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2020 жылғы 4 мамырдағы № 27 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20610 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
корсетілген бұйрықпен бекітілген «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды (құқық ауыртпалықтарын) мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің ережелерінде:
5-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«5. Көрсетілетін қызметті берушіге өтініш түскен сәттен бастап мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі үш жұмыс күнін құрайды, ал нотариалды куәландырылмаған мәмілені мемлекеттік тіркеу жағдайында қызметті берушіге өтініш түскен сәттен бастап мемлекеттік көрсетілетін қызмет бір жұмыс күні ішінде көрсетіледі.
Электрондық тіркеу құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесіне жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркегені үшін ақының төленгені немесе ақы төлеуден босатылғаны туралы растау келіп түскен күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.
Жеделдетілген тәртіппен электрондық тіркеу құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесіне жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркегені үшін ақы төленгені немесе ақы төлеуден босатылғаны туралы растау келіп түскен сәттен бастап екі сағат ішінде жүргізіледі.
Ауыртпалықтардың, сондай-ақ заңдық талаптардың тоқтатылуын мемлекеттік тіркеу тіркеуші органға өтініш келіп түскен кезден бастап бір жұмыс күні ішінде жүргізіледі.
Көрсетілетін қызметті беруші арқылы құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді.».

2 2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Әділет вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

Қолданыстағы