Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 4 апреля 2020 года № ҚР ДСМ-28/2020 «О некоторых вопросах финансовой поддержки работников организаций здравоохранения, задействованных в противоэпидемических мероприятиях в рамках борьбы с коронавирусом COVID-19»

Бұйрық · № ҚР ДСМ-93 · қабылданған 26.08.2021
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/4-2020-no-282020-covid-19/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 4 апреля 2020 года № ҚР ДСМ-28/2020 «О некоторых вопросах финансовой поддержки работников организаций здравоохранения, задействованных в противоэпидемических мероприятиях в рамках борьбы с коронавирусом COVID-19» Күшін жойған Бұйрық ·№ ҚР ДСМ-93 ·26.08.2021
11.10.2021 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.10.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 4 апреля 2020 года № ҚР ДСМ-28/2020 «О некоторых вопросах финансовой поддержки работников организаций здравоохранения, задействованных в противоэпидемических мероприятиях в рамках борьбы с коронавирусом COVID-19»

Күшін жойған Бұйрық ·№ ҚР ДСМ-93 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 4 апреля 2020 года № ҚР ДСМ-28/2020 «О некоторых вопросах финансовой поддержки работников организаций здравоохранения, задействованных в противоэпидемических мероприятиях в рамках борьбы с коронавирусом COVID-19»
Атауы (қаз.)
«COVID-19 коронавирусымен күрес шеңберінде эпидемияға қарсы іс-шараларға тартылған денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерін қаржылық қолдаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 4 сәуірдегі № ҚР ДСМ-28/2020 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
ҚР ДСМ-93
Қабылданған күні
26.08.2021
Көрсетілген редакция
11.10.2021 158167_542027.kaz
Соңғы өзгеріс
11.10.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2100024121
ЭКБ идентификаторы
158167
Редакция идентификаторы
158167_542027
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 07:03

0 «COVID-19 коронавирусымен күрес шеңберінде эпидемияға қарсы іс-шараларға тартылған денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерін қаржылық қолдаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 4 сәуірдегі № ҚР ДСМ-28/2020 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

«Әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 16 наурыздағы № 286 Жарлығы 1-тармағының 4) тармақшасына және Қазақстан Республикасының аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысының 2021 жылғы 28 мамырдағы хаттамасының 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «COVID-19 коронавирусымен күрес шеңберінде эпидемияға қарсы іс-шараларға тартылған денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерін қаржылық қолдаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 4 сәуірдегі № ҚР ДСМ-28/2020 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2020 жылғы 8 сәуірде № 20304 болып тіркелген) бұйрығына мынадай өзгерістер енгізу:
көрсетілген бұйрыққа 1-қосымшада бекітілген COVID-19 коронавирусына қарсы күрес шеңберінде эпидемияға қарсы іс-шараларға және қауіп тобына тартылған денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің жалақысына үстемеақы мөлшерлерінде:
3-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Осы тәуекел тобы бір қызметкерге үстемеақы мөлшері 2021 жылғы 1 тамызға дейін республикалық бюджет туралы заңда ағымдағы қаржы жылына белгіленген ең төмен жалақының жиырма еселенген мөлшерінен (бұдан әрі – ЕТЖМ) және 2021 жылғы 1 қазаңға дейін республикалық бюджет туралы заңды ағымдағы қаржы жылына белгіленген он еселенген ЕТЖМ-ден аспайды.»;
4-тармақта:
төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«медициналық авиацияны тарта отырып, жедел медициналық жәрдемнің дәрігерлері мен орта медициналық персоналы тартылған жағдайда;»;
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Осы тәуекел тобы үстемеақы мөлшері бір жұмыскерге 2021 жылғы 1 тамызға дейін республикалық бюджет туралы заңмен ағымдағы қаржы жылына белгіленген он еселенген ЕТЖМ-ден және 2021 жылғы 1 қазаңға дейін республикалық бюджет туралы заңмен ағымдағы қаржы жылына белгіленген бес еселік ЕТЖМ-ден аспайды.»;
5-тармақта:
оныншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасында коронавирустық инфекцияның жаңа түрінің әкелінуі мен таралуының алдын алу жөніндегі республикалық штабтың және облыстар, республикалық маңызы бар қалалар мен астана әкімдіктерінің аумақтық штабтарының мүшелері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде (блок-бекеттерде, әуежайларда және теміржол вокзалдарында) карантиндік режимді қамтамасыз ететін денсаулық сақтау жұмыскерлері;»;
екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Осы тәуекел тобы үстемеақы мөлшері бір қызметкерге 2021 жылғы 1 тамызға дейін республикалық бюджет туралы заңмен ағымдағы қаржы жылына белгіленген бес еселік ЕТЖМ-ден және 2021 жылғы 1 қазаңға дейін республикалық бюджет туралы заңмен ағымдағы қаржы жылына белгіленген 2,5 ЕТЖМ-ден аспайды.»;
көрсетілген бұйрыққа 2-қосымшамен бекітілген COVID-19 коронавирусымен күрес шеңберінде эпидемияға қарсы іс-шараларға тартылған денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің жалақысына үстемақы белгілеу қағидаларында:
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Комиссияның құрамы облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органының шешімімен:
1) облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органының;
2) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің (көліктегі) Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері атынан халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның аумақтық бөлімшесі;
3) облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органының;
4) облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау мәселері бойынша мемлекеттік басқарудың жергілікті органының;
5) «Nur Otan» партиясының;
6) денсаулық сақтау қызметкерлері кәсіподақтарының медицина қызметкерлерінің мүдделерін білдіретін үкіметтік емес ұйымдарының (бұдан әрі – ҮЕҰ) (келісім бойынша);
7) «Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығы» шаруашалық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалының филиал директорының орынбасарынан төмен емес өкілдерінен қалыптасады.»;
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Комиссия денсаулық сақтау ұйымы басшысының ұсынысы негізінде COVID-19 коронавирусын жұқтырудың тәуекел тобын көрсете отырып, үстемеақы белгіленетін жұмыскерлердің тізімін айқындайды.
Комиссия шешім қабылдаған кезде өңірдегі эпидемиологиялық жағдайды, денсаулық сақтау ұйымы мен оның жұмыскерлері жұмылдырылған COVID-19 коронавирусымен күрес шеңберіндегі эпидемияға қарсы іс-шаралардың сипатын назарға алады.
Комиссияның осы Қағидамен реттелмеген бөлігіндегі жұмыс регламенті облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органының шешімімен айқындалады.»;
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«11. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің және оның ведомствосының қарамағындағы COVID-19 коронавирусымен күрес шеңберінде зертханалық зерттеулерді, дезинфекциялауды және дератизациялауды, эпидемияға қарсы іс-шаралардың орындалуына мониторингті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдарының жұмыскерлерін қаржылық қолдауды ұйымдастыру үшін халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның жанынан комиссия құрылады.
Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның комиссиясы шешім қабылдаған кезде елдегі эпидемиологиялық жағдайды, денсаулық сақтау ұйымы мен оның жұмыскерлері қатысатын COVID-19 коронавирусымен күрес шеңберіндегі эпидемияға қарсы іс-шаралардың сипатын назарға алады.»;
13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«13. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының жұмыскерлерге үстемеақы сомаларын төлеуі әскери-медициналық (медициналық), сот-медициналық бөлімшелерінің (орталық атқарушы органдардың және өзге де орталық мемлекеттік органдардың және олардың аумақтық бөлімшелерінің, сондай-ақ әскери-медициналық (медициналық) мекемелердің (ұйымдардың), әскери-медициналық (медициналық) қамтамасыз етуді жүзеге асыратын өзге де бөлімшелердің, Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы медициналық орталығының ведомстволық бағынысты ұйымдарының) қызметкерлерін қоспағанда, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 20 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-291/2020 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21831 болып тіркелген) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде денсаулық сақтау субъектілерінің көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеу қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.»;
көрсетілген қағидаларға қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды үйлестіру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;

2 2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін;

3

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2021 жылғы 1 тамыздан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.

1 COVID-19 коронавирусымен күрес шеңберінде эпидемияға қарсы іс-шараларға тартылған денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің жалақысына үстемеақының есептелген сомалары туралы ақпарат __________________________________________________ (денсаулық сақтау ұйымының/мекеменің атауы)

Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2021 жылғы 26 тамыздағы
№ ҚР ДСМ-93
бұйрығына 1 қосымша
COVID-19 коронавирусымен
күрес шеңберінде эпидемияға
қарсы іс-шараларға тартылған
денсаулық сақтау жүйесі
жұмыскерлерінің жалақысына
үстемеақы белгілеу
қағидаларына қосымша
Нысан
COVID-19 коронавирусымен күрес шеңберінде эпидемияға қарсы іс-шараларға тартылған денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің жалақысына үстемеақының есептелген сомалары туралы ақпарат __________________________________________________
(денсаулық сақтау ұйымының/мекеменің атауы)
20 __ жылғы «____»________ бастап 20 __ жылғы «____» ______ дейінгі кезең аралығында есептелен үстемеақы:
Бір жұмыскерге үстемеақы мөлшері
1-топқа айына: _______ теңге (20 ЕТЖМ 2021 жылдың 1 тамызына дейін, 10 ЕТЖМ 2021 жылдың 1 тамыздан 2021 жылдың 1 қазанына дейін)
2-топқа айына:________ теңге (10 ЕТЖМ 2021 жылдың 1 тамызына дейін, 5 ЕТЖМ 2021 жылдың 1 тамыздан 2021 жылдың 1 қазанына дейін)
3-топқа айына:________ теңге (5 ЕТЖМ 2021 жылдың 1 тамызына дейін, 2,5 ЕТЖМ 2021 жылдың 1 тамыздан 2021 жылдың 1 қазанына дейін)
р/с №
Те­гі, әке­сі­нің аты (бар бол­са)
Ат­қа­рып отыр­ған ла­у­а­зы­мы
Тәу­е­кел то­бы
Жұ­мыс уа­қы­ты­ның ай­лық ба­лан­сы, са­ғат
Нақ­ты жұ­мыс іс­те­ген, са­ғат
Жұ­мыс іс­те­ген са­ғат­тар­дың үле­сі, %
Тө­ле­у­ге үсте­ма­қы со­ма­сы, тең­ге
1
2
3
4
5
6
7
8
Бө­лім­ше­нің ата­уы ________________
1
2
3
Бө­лім­ше­нің ата­уы ________________
1
2
3
4
Бар­лы­ғы
Комиссия төрағасы:
________________________________/__________________
(Тегі, әкесінің аты (бар болса)/Қолы)
(қағаз жеткізгіштегі құжат үшін)
Комиссияның мүшелері:
________________________________/___________________
(Тегі, әкесінің аты (бар болса)/Қолы)
(қағаз жеткізгіштегі құжат үшін)
Денсаулық сақтау ұйымының/мекеменің басшысы (уәкілетті тұлға):
_______________________________/____________________
(Тегі, әкесінің аты (бар болса)/Қолы)
(қағаз жеткізгіштегі құжат үшін)
Бас бухгалтер/бөлімше басшысы:
______________________________/_____________________
(Тегі, әкесінің аты (бар болса)/Қолы)
(қағаз тасығыштағы құжат үшін)
Мөр орны (болған жағдайда) / (қағаз жеткізгіштегі құжат үшін)
Күні 20___ жылғы «_____»_________

Қолданыстағы