Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в решение маслихата от 4 сентября 2020 года № 322 «Об организации и проведении мирных собраний»

Өзге акт · № 86 · қабылданған 21.05.2024
Заңдық күші: Қолданыста · 23.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/4-2020-no-322/on/2026-08-23/
Басып шығарылды 2026-08-23 · adilet.kz
О внесении изменений в решение маслихата от 4 сентября 2020 года № 322 «Об организации и проведении мирных собраний» Қолданыста Өзге акт ·№ 86 ·21.05.2024
21.05.2024 редакциясы
23.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.05.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в решение маслихата от 4 сентября 2020 года № 322 «Об организации и проведении мирных собраний»

Қолданыста Өзге акт ·№ 86 · 23.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в решение маслихата от 4 сентября 2020 года № 322 «Об организации и проведении мирных собраний»
Атауы (қаз.)
Мәслихаттың 2020 жылғы 4 қыркүйектегі № 322 «Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
86
Қабылданған күні
21.05.2024
Көрсетілген редакция
21.05.2024 197088_701015.kaz
Соңғы өзгеріс
21.05.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V24NI102151
ЭКБ идентификаторы
197088
Редакция идентификаторы
197088_701015
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 11:28

0 Мәслихаттың 2020 жылғы 4 қыркүйектегі № 322 «Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жангелдин аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1 1. Мәслихаттың «Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу туралы» 2020 жылғы 4 қыркүйектегі № 322 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9437 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген шешімнің 1-қосымшасында «Жиналыстарды, митингілерді және пикеттерді ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар» деген жол жаңа редакцияда жазылсын:
«Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыруға және өткізуге арналған мамандандырылған орындар»;
көрсетілген шешімнің 2-қосымшасында 18-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«18. Пикеттеуді жүзеге асыратын адамдар арасындағы ең аз рұқсат етілген қашықтық кемінде 100 метрді құрайды.»;
көрсетілген шешімнің 2-қосымшасында 20-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«20. Мынадай объектілердің іргелес аумақтарының шекараларынан 800 метр қашықтықта пикет өткізуге жол берілмейді:
1) жаппай жерлеу орындары;
2) теміржол, су, әуе және автомобиль көлігі объектілері және оларға іргелес аумақтар;
3) ауданның қорғаныс қабілетін, қауіпсіздігін және халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін ұйымдарға іргелес аумақтар;
4) пайдалану қауіпсіздік техникасының арнайы қағидаларын сақтауды талап ететін қауіпті өндірістік объектілерге және өзге де объектілерге іргелес аумақтар;
5) магистральдық темір жол желілері, магистральдық құбырлар, ұлттық электр желісі, магистральдық байланыс желілері және оларға іргелес аумақтар.».

2 2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы