Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в решение Толебийского районного маслихата от 4 марта 2020 года № 50/275-VI «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Толебийского района»

Ереже · № 53/297-VI · қабылданған 23.06.2020
Заңдық күші: Күшін жойған · 02.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/4-2020-no-50275-vi-ekb-145337/on/2026-09-02/
Басып шығарылды 2026-09-02 · adilet.kz
О внесении изменений в решение Толебийского районного маслихата от 4 марта 2020 года № 50/275-VI «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Толебийского района» Күшін жойған Ереже ·№ 53/297-VI ·23.06.2020
14.08.2024 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
02.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.08.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в решение Толебийского районного маслихата от 4 марта 2020 года № 50/275-VI «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Толебийского района»

Күшін жойған Ереже ·№ 53/297-VI · 02.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в решение Толебийского районного маслихата от 4 марта 2020 года № 50/275-VI «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Толебийского района»
Атауы (қаз.)
Төлеби аудандық мәслихатының 2020 жылғы 4 наурыздағы № 50/275-VІ «Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
53/297-VI
Қабылданған күні
23.06.2020
Көрсетілген редакция
14.08.2024 145337_716177.kaz
Соңғы өзгеріс
14.08.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V20UM005741
ЭКБ идентификаторы
145337
Редакция идентификаторы
145337_716177
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 13:57

0 Төлеби аудандық мәслихатының 2020 жылғы 4 наурыздағы № 50/275-VІ «Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 56-бабының 1-тармағының 4) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 6 бабының 2-3 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2013 жылғы 21 мамырдағы «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» №504 қаулысына сәйкес, Төлеби аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1

1. Төлеби аудандық мәслихатының 2020 жылғы 4 наурыздағы №50/275-VІ «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2020 жылғы 26 наурызда №5519 санымен тіркелген, 2020 жылғы 31 наурызда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электронды түрде жарияланған) шешiмiне мынадай өзгерістер енгізілсін.
7 тармақтың 3) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:
«9 мамыр «Ұлы Отан соғысының Жеңіс күніне»: Ұлы Отан cоғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, біржолғы 360 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде».
9 тармағының 1) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:
«Адамның иммун тапшылығы вирусын жұқтыру немесе жұқтырған иммун тапшылығының синдромы ауруы медицина қызметкерлерінің және тұрмыстық көрсету саласы қызметкерлерінің кінәсінен болған адамдардың өміріне немесе денсаулығына келтірілген зиянды өтеуге өтемақы және адам иммун тапшылығы вирусын жұқтырған балалары бар отбасыларына, ай сайын әлеуметтік көмектің шекті мөлшері 24 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде».

2 2. «Төлеби аудандық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

1 1)осы шешімнің «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті» Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2)ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Төлеби аудандық мәслихатының интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы шешім алғашқы ресми жариялаған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы