О снятии ограничительных мероприятий и признании утратившим силу решения акима Богетсайского сельского округа Хромтауского района Актюбинской области от 4 марта 2020 года № 7 «Об установлении ограничительных мероприятий на территории села Богетсай Богетсайского сельского округа»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О снятии ограничительных мероприятий и признании утратившим силу решения акима Богетсайского сельского округа Хромтауского района Актюбинской области от 4 марта 2020 года № 7 «Об установлении ограничительных мероприятий на территории села Богетсай Богетсайского сельского округа»
- Атауы (қаз.)
- Шектеу іс-шараларын алу және Ақтөбе облысы Хромтау ауданы Бөгетсай ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 4 наурыздағы № 7 «Бөгетсай ауылдық округінің Бөгетсай ауылының аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» шешімінің күші жойылды деп тану туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 27
- Қабылданған күні
- 09.07.2020
- Көрсетілген редакция
- 09.07.2020 144709_471070.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 09.07.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V20CLE07305
- ЭКБ идентификаторы
- 144709
- Редакция идентификаторы
- 144709_471070
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 13:37
0 Шектеу іс-шараларын алу және Ақтөбе облысы Хромтау ауданы Бөгетсай ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 4 наурыздағы № 7 «Бөгетсай ауылдық округінің Бөгетсай ауылының аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» шешімінің күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңының 10-1 бабына сәйкес, Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы Министрлігінің ветеринариялық бақылау және қадағалау Комитетінің Хромтау аудандық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринарлық-санитарлық инспекторының 2020 жылғы 9 маусымдағы №
15-4/552 ұсынысы негізінде, Бөгетсай ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Хромтау ауданының Бөгетсай ауылдық округі Бөгетсай ауылында орналасқан «Бекзат» шаруа қожалығы аумағында мүйізді ірі қара малдары арасынан құтырық ауруын жою бойынша кешенді ветеринариялық іс-шараларының жүргізілуіне байланысты, белгіленген шектеу іс-шаралары алынсын.
2
2. Ақтөбе облысы Хромтау ауданы Бөгетсай ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 4 наурыздағы № 7 «Бөгетсай ауылдық округінің Бөгетсай ауылының аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 6854 тіркелген, 2020 жылы 16 наурызда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі Эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімнің күші жойылды деп танылсын.