О внесении изменений в решение Жалагашского районного маслихата от 4 марта 2020 года №52-3 “О предоставлении мер социальной поддержки на 2020 год”
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение Жалагашского районного маслихата от 4 марта 2020 года №52-3 “О предоставлении мер социальной поддержки на 2020 год”
- Атауы (қаз.)
- “2020 жылға арналған әлеуметтік қолдау шараларын көрсету туралы” Жалағаш аудандық мәслихатының 2020 жылғы 4 наурыздағы №52-3 шешіміне өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 62-2
- Қабылданған күні
- 09.09.2020
- Көрсетілген редакция
- 09.09.2020 146270_479987.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 09.09.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V20LF007634
- ЭКБ идентификаторы
- 146270
- Редакция идентификаторы
- 146270_479987
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 12:54
0 “2020 жылға арналған әлеуметтік қолдау шараларын көрсету туралы” Жалағаш аудандық мәслихатының 2020 жылғы 4 наурыздағы №52-3 шешіміне өзгеріс енгізу туралы
“Құқықтық актілер туралы” Қазақстан Республикасы 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26-бабына және “Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы” Қазақстан Республикасы 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 18-бабының 8-тармағына сәйкес Жалағаш аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1.“2020 жылға арналған әлеуметтік қолдау шараларын көрсету туралы” Жалағаш аудандық мәслихатының 2020 жылғы 4 наурыздағы шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 7267 нөмірімен тіркелген, 2020 жылғы 10 наурызда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
“1. 2020 жылға Жалағаш ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне көтерме жәрдемақы және тұрғын үй алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау көрсетілсін:
1) жүз еселік айлық есептік көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы;
2) тұрғын үй алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау – бір мың бес жүз еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомада бюджеттік кредит.”.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.