О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра здравоохранения Республики Казахстан от 4 февраля 2021 года № ҚР-ДСМ-14 «Об утверждении справочников в области цифрового здравоохранения»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра здравоохранения Республики Казахстан от 4 февраля 2021 года № ҚР-ДСМ-14 «Об утверждении справочников в области цифрового здравоохранения»
- Атауы (қаз.)
- «Цифрлық денсаулық сақтау саласындағы анықтамалықтарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 4 ақпандағы № ҚР-ДСМ-14 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- ҚР ДСМ-104
- Қабылданған күні
- 29.09.2022
- Көрсетілген редакция
- 29.09.2022 172319_595841.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 29.09.2022
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2200029908
- ЭКБ идентификаторы
- 172319
- Редакция идентификаторы
- 172319_595841
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 23:43
0 «Цифрлық денсаулық сақтау
саласындағы анықтамалықтарды бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің
міндетін атқарушының 2021 жылғы 4 ақпандағы
№ ҚР-ДСМ-14 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Цифрлық денсаулық сақтау саласындағы анықтамалықтарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 4 ақпандағы № ҚР-ДСМ-14 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №22166 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі 7-бабының 87) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрыққа қосымшамен бекітілген цифрлық денсаулық сақтау саласындағы анықтамалықтарда:
«Мүгедектік тобы» деген бөлімде:
реттік нөмірлері 1.4, 1,5, 1.6, 1.7-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
«
1.4
67822003
мүгедектігі бар бала
1.5
67822004
бірінші топтағы мүгедектігі бар бала
1.6
67822005
екінші топтағы мүгедектігі бар бала
1.7
67822006
үшінші топтағы мүгедектігі бар бала
»;
«Әлеуметтік мәртебе» деген бөлімде реттік нөмірлері 1.6, 1.6.1- жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
«
1.6
183428003
мүгедектігі бар баланы күтіп-бағуды жүзеге асыратын жұмыс істемейтін адамдар
1.6.1
183428003
бірінші топтағы мүгедектігі бар адамды күтіп-бағуды жүзеге асыратын жұмыс істемейтін адамдар
».
2 2. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Электрондық денсаулық сақтауды дамыту департаменті:
1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2 2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет минстрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрлігі