Құжат мәтініне өту

О внесении изменения в приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 4 августа 2022 года № 257 «Об утверждении Правил идентификации бытовых баллонов и функционирования систем учета бытовых баллонов»

Бұйрық · № 173 · қабылданған 26.04.2024
Заңдық күші: Қолданыста · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/4-2022-no-257-ekb-196147/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
О внесении изменения в приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 4 августа 2022 года № 257 «Об утверждении Правил идентификации бытовых баллонов и функционирования систем учета бытовых баллонов» Қолданыста Бұйрық ·№ 173 ·26.04.2024
26.04.2024 редакциясы
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.04.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменения в приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 4 августа 2022 года № 257 «Об утверждении Правил идентификации бытовых баллонов и функционирования систем учета бытовых баллонов»

Қолданыста Бұйрық ·№ 173 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения в приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 4 августа 2022 года № 257 «Об утверждении Правил идентификации бытовых баллонов и функционирования систем учета бытовых баллонов»
Атауы (қаз.)
«Тұрмыстық баллондарды сәйкестендіру және тұрмыстық баллондарды есепке алу жүйелерінің жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2022 жылғы 4 тамыздағы № 257 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
173
Қабылданған күні
26.04.2024
Көрсетілген редакция
26.04.2024 196147_698441.kaz
Соңғы өзгеріс
26.04.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2400034311
ЭКБ идентификаторы
196147
Редакция идентификаторы
196147_698441
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 11:46

0 «Тұрмыстық баллондарды сәйкестендіру және тұрмыстық баллондарды есепке алу жүйелерінің жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы»

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2022 жылғы 4 тамыздағы № 257 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Тұрмыстық баллондарды сәйкестендіру және тұрмыстық баллондарды есепке алу жүйелерінің жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2022 жылғы 4 тамыздағы № 257 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29040 болып тіркелген ) бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тұрмыстық баллондарды сәйкестендіру және тұрмыстық баллондарды есепке алу жүйелерінің жұмыс істеу қағидаларында:
4-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«4. Ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестікке сынақтардың оң нәтижелері бар сынақтар хаттамаларының болуы және уәкілетті органның ақпараттық жүйесімен интеграцияның болуы олардың белгіленген талаптарға сәйкестігін растау үшін негіз болып табылады.
Ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне сынақтар жүргізу «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-1-бабының 5) тармақшасына сәйкес ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті орган бекітетін «электрондық үкіметтің» ақпараттық объектілерінің және ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілерінің ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне сынақтар жүргізу қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.».

2 2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Цифрландыру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3 3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Өнеркәсіп және құрылыс министірлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму,
инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі
министрлігі

Қолданыстағы