Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 4 августа 2022 года № 257 «Об утверждении Правил идентификации бытовых баллонов и функционирования систем учета бытовых баллонов»

Бұйрық · № 409 · қабылданған 21.11.2024
Заңдық күші: Қолданыста · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/4-2022-no-257-ekb-203062/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 4 августа 2022 года № 257 «Об утверждении Правил идентификации бытовых баллонов и функционирования систем учета бытовых баллонов» Қолданыста Бұйрық ·№ 409 ·21.11.2024
21.11.2024 редакциясы
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.11.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 4 августа 2022 года № 257 «Об утверждении Правил идентификации бытовых баллонов и функционирования систем учета бытовых баллонов»

Қолданыста Бұйрық ·№ 409 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 4 августа 2022 года № 257 «Об утверждении Правил идентификации бытовых баллонов и функционирования систем учета бытовых баллонов»
Атауы (қаз.)
«Тұрмыстық баллондарды сәйкестендіру және тұрмыстық баллондарды есепке алу жүйелерінің жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2022 жылғы 4 тамыздағы № 257 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
409
Қабылданған күні
21.11.2024
Көрсетілген редакция
21.11.2024 203062_729655.kaz
Соңғы өзгеріс
21.11.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2400035395
ЭКБ идентификаторы
203062
Редакция идентификаторы
203062_729655
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 08:32

0 «Тұрмыстық баллондарды сәйкестендіру және тұрмыстық баллондарды есепке алу жүйелерінің жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2022 жылғы 4 тамыздағы № 257 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Тұрмыстық баллондарды сәйкестендіру және тұрмыстық баллондарды есепке алу жүйелерінің жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2022 жылғы 4 тамыздағы № 257 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29040 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тұрмыстық баллондарды сәйкестендіру және тұрмыстық баллондарды есепке алу жүйелерінің жұмыс істеу қағидаларында:
24-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«24. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органы ай сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 15 (он бесінші) күнінен кешіктірмей, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бөлінісіндегі осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес ЭЦҚ-мен қол қойылған тұрмыстық баллондарда өткізілетін тұрмыстық баллондардың айналымы және сұйытылған мұнай газының көлемі туралы жиынтық ақпаратты уәкілетті органның ақпараттық жүйесі арқылы уәкілетті органға ұсынады.»;
көрсетілген Қағидаларға 1-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген Қағидаларға 2-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Газ өнеркәсібі департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Өнеркәсіп және құрылыс
министірлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Стратегиялық жоспарлау және
реформалар агенттiгi
Ұлттық статистика бюросы
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Төтенше жағдайлар министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

1 Тұрмыстық баллондар айналымы және тұрмыстық баллондарда өткізілетін сұйытылған мұнай газының көлемі туралы ақпарат

Қазақстан Республикасы
Энергетика министрі
2024 жылғы 21 қарашадағы
№ 409 бұйрығына
1-қосымша
Тұрмыстық баллондарды
cәйкестендіру және
тұрмыстық баллондарды
есепке алу жүйелерінің
жұмыс істеу қағидаларына
1-қосымша
1-нысан
Тұрмыстық баллондар айналымы және тұрмыстық баллондарда
өткізілетін сұйытылған мұнай газының көлемі туралы ақпарат
Ұсынылады: облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органына.
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан интернет-ресурста орналастырылған: www.egsu.energo.gov.kz
Әкімшілік нысанның атауы: Тұрмыстық баллондар айналымы және тұрмыстық баллондарда өткізілетін сұйытылған мұнай газының көлемі туралы ақпарат.
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның индексі: 1-ТБАА.
Кезеңділік: ай сайын.
Есепті кезең: 20___ жылғы_______________ айы.
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсынатын адамдар тобы: газ толтыру пункттерінің иелері.
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсыну мерзімі: ай сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 5-інен (бесінен) кешіктірмейтін мерзімде.
ЖСН/БСН
Жинау әдісі: электронды түрде.

Тұр­мыстық бал­лон­ды өт­кі­зе­тін
об­лыс, рес­пуб­ли­ка­лық ма­ңы­зы бар қа­ла, аста­на, аудан (об­лы­стық ма­ңы­зы бар қа­ла) ел­ді ме­кен
Тұр­мыстық бал­лон­ды са­тып алушы­ның ТАӘ
Тұр­мыстық бал­лон­ды са­тып алушы­ның ЖСН
Тұр­мыстық бал­лон­ды са­тып алушы­ның ме­кен­жайы
Тұр­мыстық бал­лон­ның бі­ре­гей ко­ды
Тұр­мыстық ба­лон кө­ле­мі (литр)
Тұр­мыстық бал­лон­ның бі­ре­гей за­уыт­тық нө­мі­рі
Тұр­мыстық бал­лон­ды өт­кі­зу кү­ні
1.
2.
3.
4.
5.
6.
7.
8.
9.
Атауы ________________________
Мекенжайы__________________
Телефон ________________________
Электрондық пошта мекенжайы ________
Орындаушы____________________ ____________ қолы, телефон
(тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда)
Басшы немесе оның міндетін атқарушы адам__________________
қолы ___________________________________________
(тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда)
Мөрдің орны
(жеке кәсіпкерлерлік субъектілері болып
табылатын тұлғаларды қоспағанда)

1.1 «Тұрмыстық баллондар айналымы және тұрмыстық баллондарда өткізілетін сұйытылған мұнай газының көлемі туралы ақпарат» әкімшілік деректер нысанын толтыру жөніндегі түсіндірме (Индексі: 1-ТБАА, кезеңділігі: ай сайын)

«Тұрмыстық баллондар айналымы
және тұрмыстық баллондарда
өткізілетін сұйытылған мұнай
газының көлемі туралы ақпарат»
әкімшілік деректерді жинауға
арналған нысанға қосымша
«Тұрмыстық баллондар айналымы және тұрмыстық баллондарда өткізілетін сұйытылған мұнай газының көлемі туралы ақпарат» әкімшілік деректер нысанын толтыру жөніндегі түсіндірме (Индексі: 1-ТБАА, кезеңділігі: ай сайын)
«Тұрмыстық баллондар айналымы және тұрмыстық баллондарда өткізілетін сұйытылған мұнай газының көлемі туралы ақпарат» әкімшілік деректер нысанында мынадай деректер енгізіледі:
1-бағанда реттік нөмірі көрсетіледі, бұл ретте кейінгі ақпарат реттік нөмірлеуді үзбейді;
2-бағанда Әкімшілік-аумақтық объектілер жіктеуішіне (ӘАОЖ) сәйкес тұрмыстық баллонды өткізетін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) елді мекені көрсетіледі;
3-бағанда тұрмыстық баллонды сатып алушының тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда) көрсетіледі;
4-бағанда тұрмыстық баллонды сатып алушының жеке сәйкестендіру нөмірі немесе бизнес сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі;
5-бағанда тұрмыстық баллонды сатып алушының мекенжайы көрсетіледі;
6-бағанда тұрмыстық баллонның бірегей коды көрсетіледі;
7-бағанда тұрмыстық балон көлемі көрсетіледі;
8-бағанда тұрмыстық баллонның бірегей зауыттық нөмірі көрсетіледі;
9-бағанда тұрмыстық баллонды өткізу күні көрсетіледі.

2 Тұрмыстық баллондар айналымы және тұрмыстық баллондарда өткізілетін сұйытылған мұнай газының көлемі туралы жиынтық ақпарат

Қазақстан Республикасы
Энергетика министрі
2024 жылғы 21 қарашадағы
№ 409 бұйрығына
2-қосымша
Тұрмыстық баллондарды
сәйкестендіру және тұрмыстық
баллондарды есепке алу
жүйелерінің жұмыс
істеу қағидаларына
2-қосымша
2-нысан
Тұрмыстық баллондар айналымы және тұрмыстық баллондарда өткізілетін сұйытылған мұнай газының көлемі туралы жиынтық ақпарат
Ұсынылады: уәкілетті органға.
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан интернет-ресурста орналастырылған: www.egsu.energo.gov.kz
Әкімшілік нысанның атауы: Тұрмыстық баллондар айналымы және тұрмыстық баллондарда өткізілетін сұйытылған мұнай газының көлемі туралы жиынтық ақпарат.
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның индексі: 2-ТБАЖА.
Кезеңділік: ай сайын.
Есепті кезең: 20___ жылғы_______________ айы.
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсынатын адамдар тобы: Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органы.
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсыну мерзімі: ай сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 15-інен (он бесінен) кешіктірмейтін мерзімде.
ЖСН/БСН
Жинау әдісі: электронды түрде.

Газ толтыру пунктінің атауы
Тұрмыстық баллонды өткізетінн облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала)
Өткізілген тұрмыстық баллон саны (дана)
Тұрмыстық баллондарда өткізілетін сұйытылған мұнай газының көлемі (литр)
1.
2.
3.
4.
5.
Атауы ________________________
Мекенжайы__________________
Телефон ________________________
Электрондық пошта мекенжайы ________
Орындаушы____________________ ____________ қолы, телефон
(тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда)
Басшы немесе оның міндетін атқарушы адам__________________
қолы ___________________________________________
(тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда)
Мөрдің орны
(жеке кәсіпкерлерлік субъектілері болып
табылатын тұлғаларды қоспағанда)

2.1 «Тұрмыстық баллондар айналымы және тұрмыстық баллондарда өткізілетін сұйытылған мұнай газының көлемі туралы жиынтық ақпарат» әкімшілік деректернысанын толтыру жөніндегі түсіндірме (Индексі: 1-ТБАЖА, кезеңділігі: ай сайын)

«Тұрмыстық баллондар айналымы және
тұрмыстық баллондарда өткізілетін
сұйытылған мұнай газының көлемі
туралы жиынтық ақпарат» әкімшілік
деректерді жинауға арналған
нысанға қосымша
«Тұрмыстық баллондар айналымы және тұрмыстық баллондарда өткізілетін сұйытылған мұнай газының көлемі туралы жиынтық ақпарат» әкімшілік деректернысанын толтыру жөніндегі түсіндірме (Индексі: 1-ТБАЖА, кезеңділігі: ай сайын)
«Тұрмыстық баллондар айналымы және тұрмыстық баллондарда өткізілетін сұйытылған мұнай газының көлемі туралы жиынтық ақпарат» әкімшілік деректер нысанында мынадай деректер енгізіледі:
1-бағанда реттік нөмірі көрсетіледі, бұл ретте кейінгі ақпарат реттік нөмірлеуді үзбейді;
2-бағанда газ толтыру пунктінің атауы көрсетіледі;
3-бағанда тұрмыстық баллонды өткізетін Әкімшілік-аумақтық объектілер жіктеуішіне (ӘАОЖ) сәйкес облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) көрсетіледі;
4-бағанда өткізілген тұрмыстық баллон саны көрсетіледі;
5-бағанда тұрмыстық баллондарда өткізілетін сұйытылған мұнай газының көлемі көрсетіледі.

Қолданыстағы