О внесении изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 4 мая 2022 года № 279 «Об основных условиях кредитования бюджетов Карагандинской и Мангистауской областей на реконструкцию и строительство систем тепло-, водоснабжения и водоотведения на 2022 год»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 4 мая 2022 года № 279 «Об основных условиях кредитования бюджетов Карагандинской и Мангистауской областей на реконструкцию и строительство систем тепло-, водоснабжения и водоотведения на 2022 год»
- Атауы (қаз.)
- «Қарағанды және Маңғыстау облыстарының бюджеттеріне жылумен, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін реконструкциялауға және салуға 2022 жылға арналған кредит берудің негізгі шарттары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 4 мамырдағы № 279 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 534
- Қабылданған күні
- 05.08.2022
- Көрсетілген редакция
- 05.08.2022 170422_586409.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 05.08.2022
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P2200000534
- ЭКБ идентификаторы
- 170422
- Редакция идентификаторы
- 170422_586409
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 00:44
0 «Қарағанды және Маңғыстау облыстарының бюджеттеріне жылумен, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін реконструкциялауға және салуға 2022 жылға арналған кредит берудің негізгі шарттары туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 4 мамырдағы № 279 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. «Қарағанды және Маңғыстау облыстарының бюджеттеріне жылумен, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін реконструкциялауға және салуға 2022 жылға арналған кредит берудің негізгі шарттары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 4 мамырдағы № 279 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қарағанды және Маңғыстау облыстарының бюджеттеріне жылумен, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін реконструкциялауға және салуға 2022 жылға арналған кредит берудің негізгі шарттарында:
1-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) «2022 – 2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» 2021 жылғы 2 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңында 224 «Облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттеріне жылумен, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін реконструкциялау және салу үшін кредит беру» бюджеттік бағдарламасы бойынша көзделген 8612030000 (сегіз миллиард алты жүз он екі миллион отыз мың) теңге сомасындағы бюджеттік кредиттер қарыз алушыларға 2022 жылға жылумен, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін реконструкциялауға және салуға жылдық 0,01 % сыйақы мөлшерлемесі бойынша 20 (жиырма) жыл мерзімге беріледі;».