Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

О снятии ограничительных мероприятий и признании утратившим силу решения акима Кумтогайского сельского округа Иргизского района Актюбинской области от 4 мая 2022 года № 3 «Об установлении ограничительных мероприятий»

Өзге акт · № 5 · қабылданған 23.09.2022
Заңдық күші: Қолданыста · 20.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/4-2022-no-3/on/2026-09-20/
Басып шығарылды 2026-09-20 · adilet.kz
О снятии ограничительных мероприятий и признании утратившим силу решения акима Кумтогайского сельского округа Иргизского района Актюбинской области от 4 мая 2022 года № 3 «Об установлении ограничительных мероприятий» Қолданыста 23.09.2022 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

О снятии ограничительных мероприятий и признании утратившим силу решения акима Кумтогайского сельского округа Иргизского района Актюбинской области от 4 мая 2022 года № 3 «Об установлении ограничительных мероприятий»

Қолданыста Өзге акт № 5 20.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О снятии ограничительных мероприятий и признании утратившим силу решения акима Кумтогайского сельского округа Иргизского района Актюбинской области от 4 мая 2022 года № 3 «Об установлении ограничительных мероприятий»
Атауы (қаз.)
Шектеу іс-шараларын тоқтату және Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы Құмтоғай ауылдық округі әкімінің 2022 жылғы 4 мамырдағы № 3 «Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» шешімінің күші жойылды деп тану туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
5
Қабылданған күні
23.09.2022
Көрсетілген редакция
23.09.2022 172216_593747.kaz
Соңғы өзгеріс
23.09.2022
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V22CEB29849
ЭКБ идентификаторы
172216
Редакция идентификаторы
172216_593747
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 23:51
20.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.09.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 Шектеу іс-шараларын тоқтату және Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы Құмтоғай ауылдық округі әкімінің 2022 жылғы 4 мамырдағы № 3 «Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35-бабына, Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» Заңының 10-1-бабының 8) тармақшасына «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 1-тармағына сәйкес, «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті Ырғыз аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесінің бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2022 жылғы 16 тамыздағы № 2-17/128 ұсынысы негізінде ШЕШТІМ:

1. Ырғыз ауданы Құмтоғай ауылдық округінің Құмтоғай ауылының О.Тәтеұлы көшесінің № 2, № 4/1, № 6, № 7 үйлерінде, О. Жұмабаев көшесінің № 1, № 5, № 9/1, № 10 үйлерінде, А.Рысбаев көшесінің № 8/1, № 8/2, № 10, № 11/1, № 12 үйлерінде, Қ.Шегебаев көшесінің № 2/1, № 2/2, № 3 үйлерінде мүйізді ірі қара малдары арасынан бруцеллез ауруын жою бойынша кешенді ветеринариялық іс-шараларының жүргізілуіне байланысты, белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.

2. Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы Құмтоғай ауылдық округі әкімінің 2022 жылғы 4 мамырдағы № 3 «Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №27932 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

3. «Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы Құмтоғай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы шешімді Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.

4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.