Құжат мәтініне өту

О внесении изменения и дополнений в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 4 февраля 2022 года № 38 «Об утверждении Перечня видов деятельности, технологически связанных с услугами, осуществляемыми субъектом государственной монополии»

Бұйрық · № 226 · қабылданған 23.09.2025
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/4-2022-no-38/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении изменения и дополнений в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 4 февраля 2022 года № 38 «Об утверждении Перечня видов деятельности, технологически связанных с услугами, осуществляемыми субъектом государственной монополии» Қолданыста Бұйрық ·№ 226 ·23.09.2025
23.09.2025 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.09.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменения и дополнений в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 4 февраля 2022 года № 38 «Об утверждении Перечня видов деятельности, технологически связанных с услугами, осуществляемыми субъектом государственной монополии»

Қолданыста Бұйрық ·№ 226 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения и дополнений в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 4 февраля 2022 года № 38 «Об утверждении Перечня видов деятельности, технологически связанных с услугами, осуществляемыми субъектом государственной монополии»
Атауы (қаз.)
«Мемлекеттік монополия субъектісі жүзеге асыратын көрсетілетін қызметтермен технологиялық тұрғыдан байланысты қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 4 ақпандағы № 38 бұйрығына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
226
Қабылданған күні
23.09.2025
Қолданысқа енгізілген күні
18.10.2025
Көрсетілген редакция
23.09.2025 215187_783841.kaz
Соңғы өзгеріс
23.09.2025
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G25HP000226
ЭКБ идентификаторы
215187
Редакция идентификаторы
215187_783841
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 02:06

0 «Мемлекеттік монополия субъектісі жүзеге асыратын көрсетілетін қызметтермен технологиялық тұрғыдан байланысты қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 4 ақпандағы № 38 бұйрығына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Мемлекеттік монополия субъектісі жүзеге асыратын көрсетілетін қызметтермен технологиялық тұрғыдан байланысты қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 4 ақпандағы № 38 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26752 болып тіркелген) мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген мемлекеттік монополия субъектісі жүзеге асыратын көрсетілетін қызметтерге технологиялық тұрғыдан байланысты қызмет түрлерінің тізбесінде:
реттік нөмірі 9-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
9.
«Жайлы мектеп» білім беру саласындағы пилоттық ұлттық жобасы шеңберінде салынған мектептерді басқару (оқу-тәрбие процесін әдіснамалық және мазмұнды сүйемелдеу, оның ішінде оны цифрландыру, басшылар лауазымына конкурстық іріктеуді ұйымдастыру және өткізу, педагогтердің үздіксіз кәсіби дамуы, білім беру қызметін зерделеу және талдау, білім алушылардың оқу жетістіктерін қорытынды бағалау және мониторингтеу, мектептерді аккредиттеуді ұйымдастыру).
»;
мазмұндағы реттік нөмірлері 10, 11, 12, 13, 14, 15, 16, және 17 жолдармен толықтырылсын:
«
10.
Білім беру және пәнаралық ғылымдар саласында ғылыми зерттеулер мен ғылыми-зерттеу жұмыстары, оның ішінде мониторингтік зерттеулерді, сондай-ақ білім беру және ғылым жүйесінің жай-күйі мен дамуын талдау.
11.
Білім және ғылым саласындағы бағдарламалық құжаттардың іске асыруда ғылыми-әдістемелік кеңес беру.
12.
Орта білім беру саласында қосымша білім беру бағдарламаларының, ғылыми-әдістемелік кешендердің жобаларын, тәрбие, оқыту және оқыту технологияларын, оқу жоспарларын, бағдарламаларды, оның ішінде оқулықтар авторларын оқыту мен әдіскерлердің біліктілігін арттыру және оқу-әдістемелік өнімдердің басқа да түрлерін әзірлеу.
13.
Шетелдік білім және ғылым мекемелерін, зерттеу агенттіктері мен қорларын қоса алғанда, ғылыми-зерттеу орталықтары мен басқа да ұйымдардың мемлекеттік білім беру саясатын, білім және ғылым саласындағы Халықаралық бағдарламалар мен жобаларды іске асыруда конференциялар ұйымдастыру.
14.
Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының оқу процесіне цифрлық білім беру технологияларын енгізу бойынша ғылыми-әдіснамалық және әдістемелік ресурстарды әзірлеу.
15.
Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді қоспағанда, білім берудің барлық деңгейлеріндегі өңірлік әдістемелік орталықтарды (кабинеттерді) қоса алғанда, білім беру мекемелерінің қызметін реттеу
16.
Білім берудің әдістемелік және әдіснамалық қамтамасыз етілуі мен оқу-тәрбие үдерісінің мазмұнын талқылау және түсіндіру бойынша ғылыми-білім беру және оқу іс-шараларын (конференциялар, форумдар, семинарлар, курстар) өткізу.
17.
Ғылыми, оқу-әдістемелік әдебиеттерді әзірлеу, шығару және тарату бойынша жұмыстарды ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қызмет.

2 2. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Орта білім беру комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1

1) осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына электронды түрде жіберуді;

2 2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Бәсекелестікті қорғау және
дамыту агенттігі

Қолданыстағы