О внесении изменения в решение Бухар-Жырауского районного маслихата от 4 мая 2022 года № 5 «Об определении размера и перечня категорий получателей жилищных сертификатов»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в решение Бухар-Жырауского районного маслихата от 4 мая 2022 года № 5 «Об определении размера и перечня категорий получателей жилищных сертификатов»
- Атауы (қаз.)
- «Тұрғын үй сертификаттарының мөлшерін және алушылар санатының тізбесін анықтау туралы» Бұқар жырау аудандық мәслихатының 2022 жылғы 4 мамырдағы № 5 шешіміне өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 8
- Қабылданған күні
- 27.06.2023
- Көрсетілген редакция
- 27.06.2023 183370_638898.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 27.06.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V23KK644809
- ЭКБ идентификаторы
- 183370
- Редакция идентификаторы
- 183370_638898
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 18:11
0 «Тұрғын үй сертификаттарының мөлшерін және алушылар санатының тізбесін анықтау туралы» Бұқар жырау аудандық мәслихатының 2022 жылғы 4 мамырдағы № 5 шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Бұқар жырау аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1 1. Бұқар жырау аудандық мәслихатының 2022 жылғы 4 мамырдағы №5 «Тұрғын үй сертификаттарының мөлшерін және алушылар санатының тізбесін анықтау туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №27986 болып тіркелген) (бұдан әрі - Шешім) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:
шешімнің 2 қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын.
2 2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
0 Тұрғын үй сертификаттарын алушылар санатының тізбесі
Бұқар жырау аудандық
мәслихатының
2023 жылғы 27 маусымдағы
№ 8
шешіміне қосымша
Бұқар жырау аудандық
мәслихатының 2022 жылғы 04
мамырдағы № 5
шешіміне 2 қосымша
Тұрғын үй сертификаттарын алушылар санатының тізбесі
№
Атауы
1.
Мүгедектігі бар балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар (жергілікті атқарушы органдарында тұрғын үй алуға кезекте тұрған).
2.
Кәмелетке толғанға дейiн ата-аналарынан айырылған жиырма тоғыз жасқа толмаған жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар. Мұндай адамдардың жасы әскери қызметке шақырылған кезде мерзiмдi әскери қызметтен өту мерзiмiне ұзартылады (жергілікті атқарушы органдарында тұрғын үй алуға кезекте тұрған).
3.
Экологиялық зiлзалалар, табиғи және техногендi сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан тұрғын үйiнен айырылған адамдар (жергілікті атқарушы органдарында тұрғын үй алуға кезекте тұрған).
4.
«Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көпбалалы аналар, көпбалалы отбасылар (жергілікті атқарушы органдарында тұрғын үй алуға кезекте тұрған).
5.
Толық емес отбасылар (жергілікті атқарушы органдарында тұрғын үй алуға кезекте тұрған).
6.
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2019 жылғы 29 наурыздағы №154 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18445 болып тіркелген) еңбек және жұмыспен қамту статистикасы бойынша статистикалық байқауларды талдау негізінде, сондай-ақ Еңбек ресурстарын болжаудың ұлттық жүйесін қалыптастыру және оның нәтижелерін пайдаланудың қағидаларына сәйкес қалыптастырылатын еңбек ресурстарының болжамын ескере отырып айқындалатын Денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт, әлеуметтік қамсыздандыру және ветеринарияның сұранысқа ие мамандары.