О внесении изменения в приказ Министра науки и высшего образования Республики Казахстан от 4 января 2023 года № 1 «О некоторых вопросах размещения государственного заказа на обеспечение студентов, магистрантов и докторантов организаций высшего и (или) послевузовского образования местами в общежитиях»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в приказ Министра науки и высшего образования Республики Казахстан от 4 января 2023 года № 1 «О некоторых вопросах размещения государственного заказа на обеспечение студентов, магистрантов и докторантов организаций высшего и (или) послевузовского образования местами в общежитиях»
- Атауы (қаз.)
- «Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының студенттерін, магистранттарын және докторанттарын жатақханалардағы орындармен қамтамасыз етуге мемлекеттік тапсырысты орналастырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 4 қаңтардағы № 1 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 210
- Қабылданған күні
- 02.05.2024
- Көрсетілген редакция
- 02.05.2024 196410_698619.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 02.05.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2400034330
- ЭКБ идентификаторы
- 196410
- Редакция идентификаторы
- 196410_698619
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 11:41
0
«Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының студенттерін, магистранттарын және докторанттарын жатақханалардағы орындармен қамтамасыз етуге мемлекеттік тапсырысты орналастырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 4 қаңтардағы № 1 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының студенттерін, магистранттарын және докторанттарын жатақханалардағы орындармен қамтамасыз етуге мемлекеттік тапсырысты орналастырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 4 қаңтардағы № 1 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31724 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Студенттерді, магистранттар мен докторанттарды жатақханалардағы орындармен қамтамасыз етуге мемлекеттік тапсырысты орналастыру қағидаларында:
5-1-тармақтың үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды қоспағанда, жатақханада тұратын жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының студенттері, магистранттары мен докторанттары туралы, оның ішінде олардың тұрғылықты жері бойынша тіркелгені туралы жаңартылған және анық мәліметтерді алу бөлігінде «Жеке тұлғалар» мемлекеттік деректер базасынан;».
2
2. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Экономика және қаржы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді және оны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.