О внесении изменений в приказ Министра науки и высшего образования Республики Казахстан от 4 января 2023 од № 1 «О некоторых вопросах размещения государственного заказа на обеспечение студентов, магистрантов и докторантов организаций высшего и (или) послевузовского образования местами в общежитиях»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в приказ Министра науки и высшего образования Республики Казахстан от 4 января 2023 од № 1 «О некоторых вопросах размещения государственного заказа на обеспечение студентов, магистрантов и докторантов организаций высшего и (или) послевузовского образования местами в общежитиях»
- Атауы (қаз.)
- «Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының студенттерін, магистранттарын және докторанттарын жатақханалардағы орындармен қамтамасыз етуге мемлекеттік тапсырысты орналастырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 4 қаңтардағы № 1 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 52
- Қабылданған күні
- 14.02.2025
- Көрсетілген редакция
- 14.02.2025 207151_744789.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 14.02.2025
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2500035730
- ЭКБ идентификаторы
- 207151
- Редакция идентификаторы
- 207151_744789
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 06:05
0
«Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының студенттерін, магистранттарын және докторанттарын жатақханалардағы орындармен қамтамасыз етуге мемлекеттік тапсырысты орналастырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 4 қаңтардағы № 1 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының студенттерін, магистранттарын және докторанттарын жатақханалардағы орындармен қамтамасыз етуге мемлекеттік тапсырысты орналастырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 4 қаңтардағы № 1 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31724 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Студенттерді, магистранттар мен докторанттарды жатақханалардағы орындармен қамтамасыз етуге мемлекеттік тапсырысты орналастыру қағидаларына:
2-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) білім беру саласындағы уәкілетті органның операторы (бұдан әрі – оператор) – жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын, ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті органның келсімі бойынша білім саласындағы уәкілетті орган анықтайтын, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шекте жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының студенттерін, магистранттары мен докторанттарын жатақханалардағы орындармен қамтамасыз етуге мемлекеттік тапсырысты орналастыруды жүзеге асыратын заңды тұлға;»;
4-тармақ алып тасталсын;
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Оператор әлеуетті өнім берушіден Қағидалардың 8-тармағында көрсетілген құжаттар қоса берілген өтінім келіп түскен күннен бастап күнтізбелік он бес күннің ішінде олардың толықтығы мен дұрыстығына тексеру жүргізеді.
Әлеуетті өнім беруші Қағидалардың 8-тармағында көрсетілген құжаттар топтамасы тиісінше ресімделген өтінішті ұсынған кезде оператор осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген мерзімнен кейінгі күннен бастап үш жұмыс күні ішінде оператор бекіткен нысан бойынша әлеуетті өнім берушімен әлеуетті өнім беруші соның шеңберінде жатақханалардағы жаңа орындарды пайдалануға енгізетін жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының студенттерін, магистранттары мен докторанттарын жатақханалардағы жаңадан енгізілген орындармен қамтамасыз ету жөніндегі алдын ала шартты (бұдан әрі – алдын ала шарт) жасасады.
Оператор әлеуетті өнім беруші Қағидалардың 8-тармағында көрсетілген құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған және (немесе) дұрыс ресімделмеген өтінішті ұсыну фактісін анықтаған жағдайда, оператор осы құжаттар тіркелген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде әлеуетті өнім берушіге алдын ала шартты жасасудан бас тарту туралы негізделген және дәлелді жауабын жолдайды.»;
10 және 12-тармақтар алып тасталсын;
13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«13. Мемлекеттік тапсырысты орналастыру үшін әлеуетті өнім беруші операторға жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) туралы анықтама мен оның техникалық сипаттамасын қоса бере отырып, жатақханада жаңа орындардың пайдалануға енгізілгенін және жатақхананың нысаналы мақсатын өзгертуге кемінде жиырма жылға құқық ауыртпалығының тіркелгенін растайтын құжаттардың көшірмесін ұсынады.
Оператор әлеуетті өнім берушіден Қағидалардың осы тармағында көрсетілген құжаттарды алған күннен бастап күнтізбелік он бес күннің ішінде олардың толықтығы мен дұрыстығына тексеру жүргізеді.
Әлеуетті өнім беруші Қағидалардың осы тармағында көрсетілген толық және анық құжаттарды ұсынған кезде, оператор олар келіп түскен күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде өнім берушімен Қағидалардың 11-тармағында көзделген шарт жасасады.
Оператор әлеуетті өнім берушінің Қағидалардың осы тармағында көрсетілген толық емес және (немесе) дәйексіз құжаттарды ұсыну фактісін анықтаған жағдайда, оператор осы құжаттарды тіркеген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде әлеуетті өнім берушіге шарт жасасудан негізделген және дәлелді бас тартуды жібереді.».