О внесении изменений в решение маслихата Коксуского района от 4 декабря 2023 года № 15-63 «Об утверждении правил оказания социальной помощи, установления ее размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Коксуского района»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение маслихата Коксуского района от 4 декабря 2023 года № 15-63 «Об утверждении правил оказания социальной помощи, установления ее размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Коксуского района»
- Атауы (қаз.)
- Көксу ауданы мәслихатының 2023 жылғы 4 желтоқсандағы «Көксу ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» № 15-63 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 25-104
- Қабылданған күні
- 29.05.2024
- Көрсетілген редакция
- 24.07.2026 197360_831445.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 24.07.2026
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V24IH021819
- ЭКБ идентификаторы
- 197360
- Редакция идентификаторы
- 197360_831445
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 11:20
0 Көксу ауданы мәслихатының 2023 жылғы 4 желтоқсандағы «Көксу ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы»
№ 15-63 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Көксу ауданы мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Көксу ауданы мәслихатының 2023 жылғы 4 желтоқсандағы «Көксу ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» № 15-63 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 189584 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Көксу ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:
2-тармақтың 1) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
«1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – уәкілетті ұйым) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету, мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау және олардың нәтижелерін көрсетілетін қызметті алушыға беру жөніндегі жұмысты «бір терезе» қағидаты бойынша ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;»
7-тармақтың 6) тармақшасының бірінші бөлігінде «5 (бес)» саны «7 (жеті)» санына өзгертілсін.