О внесении изменения в постановление акимата Актюбинской области от 4 сентября 2023 года № 230 «Об организации бесплатного питания для учащихся 1-4 классов государственных организаций начального, основного среднего, общего среднего образования Актюбинской области»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в постановление акимата Актюбинской области от 4 сентября 2023 года № 230 «Об организации бесплатного питания для учащихся 1-4 классов государственных организаций начального, основного среднего, общего среднего образования Актюбинской области»
- Атауы (қаз.)
- Ақтөбе облысының бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беретін мемлекеттік ұйымдарының 1-4 сынып оқушылары үшін тегін тамақтандыруды ұйымдастыру туралы» Ақтөбе облысы әкімдігінің 2023 жылғы 4 қыркүйектегі № 230 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- exe
- Нөмірі
- 167
- Қабылданған күні
- 26.08.2026
- Көрсетілген редакция
- 26.08.2026 I229426_0.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 26.08.2026
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G26C000167A
- ЭКБ идентификаторы
- 229426
- Редакция идентификаторы
- I229426_0
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.09.2026 03:30
0 Ақтөбе облысының бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беретін мемлекеттік ұйымдарының 1-4 сынып оқушылары үшін тегін тамақтандыруды ұйымдастыру туралы» Ақтөбе облысы әкімдігінің 2023 жылғы 4 қыркүйектегі № 230 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Ақтөбе облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Ақтөбе облысының бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беретін мемлекеттік ұйымдарының 1-4 сынып оқушылары үшін тегін тамақтандыруды ұйымдастыру туралы» Ақтөбе облысы әкімдігінің 2023 жылғы 4 қыркүйектегі № 230 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
«Ақтөбе облысының бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беретін мемлекеттік ұйымдарының 1-4 сынып оқушылары үшін ақы төлемейтін тамақтандыруды ұйымдастыру туралы»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Ақтөбе облысының бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беретін мемлекеттік ұйымдарының 1-4 сынып оқушыларына облыстық бюджет қаражаты есебінен ақы төлемейтін ыстық тамақпен тамақтандыру ұйымдастырылсын.».
2. «Ақтөбе облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулыны қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
2) осы қаулыны оны ресми жариялағаннан кейін Ақтөбе облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.