Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в приказ Генерального Прокурора Республики Казахстан от 4 января 2023 года № 3 «Об утверждении формы отчета № 4 «О работе по исполнению судебных актов» и Инструкции по его формированию

Бұйрық · № 129 · қабылданған 16.10.2024
Заңдық күші: Қолданыста · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/4-2023-no-3-no-4/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в приказ Генерального Прокурора Республики Казахстан от 4 января 2023 года № 3 «Об утверждении формы отчета № 4 «О работе по исполнению судебных актов» и Инструкции по его формированию Қолданыста Бұйрық ·№ 129 ·16.10.2024
16.10.2024 редакциясы
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 16.10.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в приказ Генерального Прокурора Республики Казахстан от 4 января 2023 года № 3 «Об утверждении формы отчета № 4 «О работе по исполнению судебных актов» и Инструкции по его формированию

Қолданыста Бұйрық ·№ 129 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в приказ Генерального Прокурора Республики Казахстан от 4 января 2023 года № 3 «Об утверждении формы отчета № 4 «О работе по исполнению судебных актов» и Инструкции по его формированию
Атауы (қаз.)
«Сот актілерін орындау бойынша жұмыс туралы» № 4 есептің нысанын және оны қалыптастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2023 жылғы 4 қаңтардағы № 3 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
129
Қабылданған күні
16.10.2024
Көрсетілген редакция
16.10.2024 201865_724807.kaz
Соңғы өзгеріс
16.10.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2400035276
ЭКБ идентификаторы
201865
Редакция идентификаторы
201865_724807
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 09:10

0 «Сот актілерін орындау бойынша жұмыс туралы» № 4 есептің нысанын және оны қалыптастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2023 жылғы 4 қаңтардағы № 3 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Сот актілерін орындау бойынша жұмыс туралы» № 4 есептің нысанын және оны қалыптастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2023 жылғы 4 қаңтардағы № 3 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31621 болып тіркелген) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықтың 1-қосымшасы осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес «Оңайлатылған атқарушылық іс жүргізу» 4-кестемен толықтырылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Сот актілерін орындау бойынша жұмыс туралы» № 4 есепті қалыптастыру жөніндегі нұсқаулықта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы «Сот актілерін орындау бойынша жұмыс туралы» № 4 есептің нысанын қалыптастыру жөніндегі нұсқаулық (бұдан әрі – Нұсқаулық) Қазақстан Республикасы сот актілерін орындау бойынша құқықтық статистика және арнайы есепке алу субъектілері Атқарушылық іс жүргізу органдарының автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне (бұдан әрі – АІЖОААЖ) енгізген атқарушылық құжаттарды автоматтандырылған орындау электрондық ақпараттық есепке алу құжаттарының (бұдан әрі – ЭАЕҚ) негізінде «Сот актілерін орындау бойынша жұмыс туралы» № 4 есептің нысанын (бұдан әрі – есеп) қалыптастыруға арналған.»;
9-тармақ мынадай мазмұндағы 15) тармақшасымен толықтырылсын:
«15) Заңның 10-5-бабында көзделген негіздер бойынша оңайлатылған іс жүргізуді тоқтату;»;
13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«13. Есеп 4 кестеден тұрады:
1) 1-кесте «Атқарушылық құжаттардың қозғалысы» (бұдан әрі – №1 кесте)
2) 2-кесте «Атқаруға келіп түскен атқарушылық құжаттар бойынша өндіріп алулардың мөлшері» (бұдан әрі – 2-кесте);
3) 3-кесте «Алименттерді өндіріп алу туралы» (бұдан әрі – 3-кесте);
4) «Оңайлатылған атқарушылық іс жүргізу» 4 - кесте (бұдан әрі - 4-кесте).»;
мынадай мазмұнда 73-1 тармағымен толықтырылсын:
«73-1. 4-кестеде қозғалған, орындауда болған және оңайлатылған атқарушылық іс жүргізу шеңберінде аяқталған атқарушылық құжаттардың саны, сондай-ақ олар бойынша сомалар ескеріледі.».

2 2. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті (бұдан әрі – Комитет):

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының ресми интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықтың көшірмесін Құқықтық статистика және арнайы есепке алу субъектілеріне, Комитеттің аумақтық және оларға теңестірілген органдарына орындау үшін жіберуді қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Комитет төрағасына жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

1 Қазақстан Республикасы

Бас Прокуроры
2024 жылғы 16 қазандағы
№ 129
бұйрығына қосымша/
Қазақстан Республикасы
Бас Прокурорының
2023 жылғы 4 қаңтардағы
№3 бұйрығына
қосымша
нысан
№ 4-нысан. Сот актілерін орындау бойынша жұмыс туралы есеп
№ 4-кесте Оңайлатылған атқарушылық іс жүргізу
Жол ко­ды
Есеп­тік ке­зең­нің ба­сын­да­ғы ат­қа­ру­шы­лық іс жүр­гі­зу­дің қал­ды­ғы
со­мма­сы­на
Есеп­тік ке­зең­де қоз­ғал­ған ат­қа­ру­шы­лық іс жүр­гі­зу­лер
со­мма­сы­на
Есеп­ті ке­зең­де орын­да­уда болған ат­қа­ру­шы­лық іс жүр­гі­зу­лер­дің жал­пы са­ны
со­мма­сы­на
Іс жүр­гі­зуі есеп­ті ке­зең­де аяқ­тал­ған ат­қа­ру­шы­лық құ­жат­тар­дың жал­пы са­ны
со­мма­сы­на
А
Б
1
2
3
4
5
6
7
8
Же­ке тұ­лға­лар­дың қары­зын өн­ді­ріп алу ту­ра­лы са­лық бұй­рық­та­ры
1
Сот қа­улы­ла­ры бой­ын­ша ай­ып­пұл­дар
2
оның ішін­де
Сот­тың әкім­ші­лік қа­улы­ла­ры бой­ын­ша сот шы­ғын­да­ры
3
Уәкі­лет­ті ор­ган­ның қа­улы­ла­ры бой­ын­ша ай­ып­пұл­дар
4
Ат­қа­ру­шы­лық іс жүр­гі­зу­дің бар­лы­ғы
5
кестенің жалғасы
оның ішін­де:
орын­да­у­ға же­ке сот орын­да­у­шы­сы­на бе­ріл­ді
со­мма­сы­на
оның ішін­де:
Есеп­ті ке­зең­нің со­ңын­да орын­дал­ма­ған құ­жат­тар­дың қал­ды­ғы
со­мма­сы­на
то­лық кө­лем­де орын­дал­ды
со­мма­сы­на
уәкі­лет­ті ор­ган кү­шін жой­ды
со­мма­сы­на
заң­ның 10-4-ба­бын­да көзд­н­л­ген мер­зім аяқ­тал­ды
со­мма­сы­на
бо­рыш­кер ат­қа­ру­шы­лық құ­жат­тың та­лап­та­рын оңай­ла­ты­л­ған өн­ді­рі­сте орын­да­удан бас тарт­ты
со­мма­сы­на
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20

Қолданыстағы