Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Заместителя Премьер-Министра – Министра финансов Республики Казахстан от 4 июля 2023 года № 739 «Об определении особенностей таможенного декларирования, категории товаров, региона реализации эксперимента в области внешней электронной торговли, проводимого в Республике Казахстан и применения уведомительного порядка соблюдения технических регламентов в отношении товаров электронной торговли»

Бұйрық · № 517 · қабылданған 06.08.2024
Заңдық күші: Қолданыста · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/4-2023-no-739/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Заместителя Премьер-Министра – Министра финансов Республики Казахстан от 4 июля 2023 года № 739 «Об определении особенностей таможенного декларирования, категории товаров, региона реализации эксперимента в области внешней электронной торговли, проводимого в Республике Казахстан и применения уведомительного порядка соблюдения технических регламентов в отношении товаров электронной торговли» Қолданыста Бұйрық ·№ 517 ·06.08.2024
06.08.2024 редакциясы
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.08.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ Заместителя Премьер-Министра – Министра финансов Республики Казахстан от 4 июля 2023 года № 739 «Об определении особенностей таможенного декларирования, категории товаров, региона реализации эксперимента в области внешней электронной торговли, проводимого в Республике Казахстан и применения уведомительного порядка соблюдения технических регламентов в отношении товаров электронной торговли»

Қолданыста Бұйрық ·№ 517 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Заместителя Премьер-Министра – Министра финансов Республики Казахстан от 4 июля 2023 года № 739 «Об определении особенностей таможенного декларирования, категории товаров, региона реализации эксперимента в области внешней электронной торговли, проводимого в Республике Казахстан и применения уведомительного порядка соблюдения технических регламентов в отношении товаров электронной торговли»
Атауы (қаз.)
«Кедендік декларациялаудың, тауарлар санатының, Қазақстан Республикасында жүргізілетін тауарлардың сыртқы электрондық саудасы саласындағы экспериментті іске асырушы өңірдің және электрондық сауда тауарларына қатысты техникалық регламенттерді сақтаудың хабарламалық тәртібін қолдану ерекшеліктерін айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрінің 2023 жылғы 4 шiлдедегi № 739 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
517
Қабылданған күні
06.08.2024
Көрсетілген редакция
06.08.2024 199624_714921.kaz
Соңғы өзгеріс
06.08.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2400034917
ЭКБ идентификаторы
199624
Редакция идентификаторы
199624_714921
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 10:13

0

«Кедендік декларациялаудың, тауарлар санатының, Қазақстан Республикасында жүргізілетін тауарлардың сыртқы электрондық саудасы саласындағы экспериментті іске асырушы өңірдің және электрондық сауда тауарларына қатысты техникалық регламенттерді сақтаудың хабарламалық тәртібін қолдану ерекшеліктерін айқындау туралы»
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрінің 2023 жылғы 4 шiлдедегi № 739 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Кедендік декларациялаудың, тауарлар санатының, Қазақстан Республикасында жүргізілетін тауарлардың сыртқы электрондық саудасы саласындағы экспериментті іске асырушы өңірдің және электрондық сауда тауарларына қатысты техникалық регламенттерді сақтаудың хабарламалық тәртібін қолдану ерекшеліктерін айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрінің 2023 жылғы 4 шiлдедегi № 739 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 33082 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген, Кедендік декларациялаудың, тауарлар санатының, Қазақстан Республикасында жүргізілетін тауарлардың сыртқы электрондық саудасы саласындағы экспериментті іске асырушы өңірдің және электрондық сауда тауарларына қатысты техникалық регламенттерді сақтаудың хабарламалық тәртібін қолдану ерекшеліктерде (бұдан әрі – Ерекшеліктер):
15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«15. Эксперимент Астана, Алматы қалалары бойынша мемлекеттік кірістер департаменттерінің және Ақтөбе, Алматы және Жетісу облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің қызмет аймағында іске асырылады.»;
41-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«41. Жеке тұлғалар сатып алған электрондық сауда тауарларына қатысты өзге электрондық құжатты толтыруды электрондық сауда операторы мынадай ерекшеліктерді сақтай отырып жүргізеді:
1) тауарлар туралы мәліметтер тізілімінің тіркеу нөмірі мынадай түрде қалыптастырылады:
1-элемент – кеден органының коды;
2-элемент – ХПЖ тізілімін тіркеу күні (күні, айы, жылдың соңғы екі цифры);
3-элемент – күнтізбелік жыл шеңберіндегі өтпелі нөмірлеу бойынша реттік нөмір;
2) «жеке жүкқұжат немесе ДПО құжаты» деген бағанда жеке жүкқұжат немесе ХПЖ бірегей нөмірі (әрбір ХПЖ қолданылатын ДПО техникалық стандарттар жинағының S10 стандартына сәйкес келетін жазбаша хат-хабарлар мен сәлемдемелердің бірегей 13 таңбалы әріптік-цифрлық сәйкестендіргіші) туралы мәліметтер толтырылады;
3) «Жөнелтуші (жөнелтуші ел, ұйымның атауы, жөнелтушінің мекенжайы)» деген бағанда ДПО актілерінде көзделген жеке жүкқұжатта немесе құжаттарда және ілесіп жүретін ХПЖ-да көрсетілген жөнелтуші туралы мәліметтер толтырылады;
4) «Тауарларды алушының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)» деген бағанда ДПО актілерінде көзделген жеке жүкқұжатта немесе құжаттарда және ілесіп жүретін ХПЖ-да көрсетілген электрондық сауда тауарын алушысы туралы мәліметтер, жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтер немесе тауарды алушының жеке сәйкестендіру нөмірі болған кезде, толтырылады; тегін, атын, әкесінің атын толтыруға жол беріледі (ол болған жағдайда) ДПО құжатына сәйкес латын әліпбиінің әріптерін пайдалана отырып (жеке тұлғаның жеке сәйкестендіру нөмірін көрсеткен кезде). Мемлекеттік кірістер органдары мен электрондық сауда операторының ақпараттық жүйелерін интеграциялау арқылы тауарды алушының жеке басын куәландыратын құжаты немесе жеке сәйкестендіру нөмірі туралы мәліметтер болмаған кезде;
5) «Тауарларды алушы жеке тұлғаның мекенжайы» деген бағанда жеке тұлғаның тұрғылықты жері немесе ДПО актілерінде көзделген жеке жүкқұжатта немесе құжаттарда және ілесіп жүретін ХПЖ-да көрсетілген тауарларды жеткізу мекенжайы толтырылады;
6) «Тауардың атауы» деген бағанда ДПО актілерінде көзделген жеке жүкқұжатта немесе құжаттарда және ілесіп жүретін ХПЖ-да көрсетілген тауардың атауы толтырылады. Латын әліпбиінің әріптерін пайдалана отырып тауар атауын толтыруға жол беріледі;
7) «ЕАЭО СЭҚ ТН бойынша тауар коды» деген бағанда Еуразиялық экономикалық одақтың Сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасына сәйкес тауар коды кемінде алғашқы 6 белгі (болған кезде) деңгейінде толтырылады. Электрондық сауда операторында СЭҚ ТН коды туралы мәліметтер болмаған жағдайда 000 000 көрсетуге жол беріледі.
8) «Тауар саны» деген бағанда өлшем бірліктеріндегі тауар саны толтырылады;
9) «Брутто салмағы, кг» деген бағанда ДПО актілерінде көзделген жеке жүкқұжатта немесе құжаттарда және ілесіп жүретін ХПЖ-да көрсетілген тауарлардың жалпы брутто массасы толтырылады;
10) «Құны» деген бағанда тауардың құны коммерциялық құжаттарға немесе ДПО құжаттарына сәйкес цифрлармен толтырылады;
11) «Валюта» деген бағанда валюта сыныптауышына сәйкес валютаның әріптік коды толтырылады.»;
көрсетілген Ерекшеліктерге қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Сауда және интеграция министрлігі

0 Жеке тұлғалар сатып алған электрондық сауда тауарларын кедендік декларациялау үшін кедендік декларациямен пилоттық жоба (эксперимент) шеңберінде танылатын электрондық сауда операторлары пайдаланатын өзге де электрондық құжат

Қазақстан Республикасының
Қаржы министрінің міндетін
атқарушы 2024 жылғы
6 тамыздағы № 517
бұйрыққа қосымша
Кедендік декларациялаудың,
тауарлар санатының, Қазақстан
Республикасында жүргізілетін
тауарлардың сыртқы электрондық
саудасы саласындағы экспериментті
іске асырушы өңірдің және
электрондық сауда тауарларына
қатысты техникалық регламенттерді
сақтаудың хабарламалық тәртібін
қолдану ерекшеліктеріне
қосымша
Нысан
Жеке тұлғалар сатып алған электрондық сауда тауарларын кедендік декларациялау үшін кедендік декларациямен пилоттық жоба (эксперимент) шеңберінде танылатын электрондық сауда операторлары пайдаланатын өзге де электрондық құжат

Же­ке жүк­құ­жат неме­се ДПО құ­жа­ты
Жө­нел­ту­ші (ел жө­нел­ті­лім­дер, ұй­ым­ның ата­уы, жө­нел­ту­ші­нің ме­кен-жайы)
Та­у­ар­лар алушы­ның те­гі, аты, әке­сі­нің аты (ол болған жағ­дай­да)
Та­у­ар­лар­дың алушы – же­ке тұл­ға­ның ме­кен жайы
Та­у­ар­дың ата­уы
ЕА­ЭО СЭҚ ТН бой­ын­ша та­у­ар­дың ко­ды
Та­ур­дың са­ны
Брут­то сал­ма­ғы, кг
Құ­ны
Ва­лю­та
1
2
3
4
5
6
7
8
9
11
12
Аббревиатураларды ашып жазу және қысқарту:
ЕАЭО СЭҚ ТН – Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай Тауар номенклатурасы;
ДПО – Дүниежүзілік пошта одағы;
кг – килограмм.

Қолданыстағы