О внесении дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 4 октября 2023 года № 862 «Некоторые вопросы Министерства транспорта Республики Казахстан» и признании утратившим силу постановления Правительства Республики Казахстан от 11 мая 2014 года № 469 «Об утверждении условий, на которых иностранцы и лица без гражданства могут входить в состав экипажа судна, плавающего под Государственным флагом Республики Казахстан»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 4 октября 2023 года № 862 «Некоторые вопросы Министерства транспорта Республики Казахстан» и признании утратившим силу постановления Правительства Республики Казахстан от 11 мая 2014 года № 469 «Об утверждении условий, на которых иностранцы и лица без гражданства могут входить в состав экипажа судна, плавающего под Государственным флагом Республики Казахстан»
- Атауы (қаз.)
- «Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 862 қаулысына толықтырулар енгізу және «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтерiп жүзетін кеме экипажының құрамына шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдардың кiру мүмкiндiгiнің шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 11 мамырдағы № 469 қаулысының күші жойылды деп тану туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 850
- Қабылданған күні
- 14.10.2024
- Көрсетілген редакция
- 14.10.2024 201676_724351.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 14.10.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P2400000850
- ЭКБ идентификаторы
- 201676
- Редакция идентификаторы
- 201676_724351
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 09:13
0
«Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 862 қаулысына толықтырулар енгізу және «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтерiп жүзетін кеме экипажының құрамына шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдардың кiру мүмкiндiгiнің шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 11 мамырдағы № 469 қаулысының күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. «Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 862 қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Көлік министрлігі туралы ережеде:
15-тармақ:
мынадай мазмұндағы 126-1) тармақшамен толықтырылсын:
«126-1) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтерiп жүзетін кеме экипажының құрамына шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдардың кiру шарттарын айқындау;»;
мынадай мазмұндағы 268-1) тармақшамен толықтырылсын:
«268-1) халықаралық маңызы бар теңіз порты мәртебесін айқындау;».