О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 4 октября 2023 года № 862 «Некоторые вопросы Министерства транспорта Республики Казахстан»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 4 октября 2023 года № 862 «Некоторые вопросы Министерства транспорта Республики Казахстан»
- Атауы (қаз.)
- «Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 862 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 531
- Қабылданған күні
- 04.07.2024
- Көрсетілген редакция
- 04.07.2024 198504_708832.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 04.07.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P2400000531
- ЭКБ идентификаторы
- 198504
- Редакция идентификаторы
- 198504_708832
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 10:42
0 «Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 862 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. «Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 862 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Көлік министрлігі туралы ережеде:
15-тармақ мынадай мазмұндағы 6-1), 6-2) және 6-3) тармақшалармен толықтырылсын:
«6-1) тексеру парағына енгізілген талаптар арасынан бұзылуы жедел ден қою шараларын қолдануға алып келетін талаптар тізбесін айқындау, сондай-ақ нақты бұзушылықтарға қатысты осы шараның қолданылу мерзімін көрсете отырып, жедел ден қою шарасының нақты түрін (қажет болған кезде) айқындау;
6-2) ішкі су көлігі және сауда мақсатында теңізде жүзу саласындағы қадағалау актілерінің нысандарын әзірлеу және бекіту;
6-3) бұзылуы жедел ден қою шараларын қолдануға алып келетін талаптардың тізбесін айқындау, сондай-ақ талаптарды нақты бұзушылықтарға қатысты жедел ден қою шарасының нақты түрiн осы шараның қолданылу мерзімін көрсете отырып (қажет болған кезде) айқындау;»;
115), 116) және 117) тармақшалар алып тасталсын;
239) тармақша алып тасталсын.