Құжат мәтініне өту

О внесении дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 4 октября 2023 года № 863 «Некоторые вопросы Министерства водных ресурсов и ирригации Республики Казахстан»

Қаулы · № 1141 · қабылданған 30.12.2024
Заңдық күші: Қолданыста · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/4-2023-no-863-ekb-205356/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
О внесении дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 4 октября 2023 года № 863 «Некоторые вопросы Министерства водных ресурсов и ирригации Республики Казахстан» Қолданыста Қаулы ·№ 1141 ·30.12.2024
30.12.2024 редакциясы
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.12.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 4 октября 2023 года № 863 «Некоторые вопросы Министерства водных ресурсов и ирригации Республики Казахстан»

Қолданыста Қаулы ·№ 1141 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 4 октября 2023 года № 863 «Некоторые вопросы Министерства водных ресурсов и ирригации Республики Казахстан»
Атауы (қаз.)
«Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 863 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
1141
Қабылданған күні
30.12.2024
Қолданысқа енгізілген күні
30.12.2024
Көрсетілген редакция
30.12.2024 205356_739699.kaz
Соңғы өзгеріс
30.12.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P2400001141
ЭКБ идентификаторы
205356
Редакция идентификаторы
205356_739699
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 06:33

0 «Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 863 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. «Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 863 қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігі туралы ережеде:
14-тармақтың 2) тармақшасы мынадай мазмұндағы төртінші абзацпен толықтырылсын:
«Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде белгіленген тәртіппен және мерзімде өз құзыреті шегінде жеке тұлғалардың петицияларын қарау;»;
15-тармақ:
мынадай мазмұндағы 21-1), 21-2), 21-3), 21-4), 21-5), 21-6), 21-7) және 21-8) тармақшалармен толықтырылсын:
«21-1) кәсіптік біліктілікті тану саласындағы уәкілетті органға кәсіптер тізіліміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде ұсыныстар енгізеді;
21-2) кәсіптік стандарттарды әзірлеу және (немесе) жаңарту жөнінде ұсыныстар әзірлейді және оларды кәсіптік біліктілікті тану саласындағы уәкілетті органға жібереді;
21-3) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарымен келісу бойынша ағымдағы және болашақ кезеңдерде кәсіптердің өзектілігін ескере отырып, еңбек нарығының кәсіптік біліктілікті тануға сұранысын қалыптастырады;
21-4) кәсіптік біліктілікті тану саласындағы уәкілетті органға кәсіптік біліктілікті тану шарттары бойынша ұсыныстар енгізеді;
21-5) кәсіптік біліктілікті тану саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен кәсіптік стандарттарды, салалық біліктілік шеңберлерді әзірлейді және (немесе) жаңартады;
21-6) кәсіптік біліктілік жөніндегі салалық кеңеспен және кәсіптік біліктілікті тану саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша кәсіптік стандарттарды бекітеді;
21-7) кәсіптік біліктілік жөніндегі салалық кеңестер туралы ережелерді әзірлейді және бекітеді;
21-8) ғылыми-техникалық кеңесті құрады және оның ережесін бекітеді;»;
мынадай мазмұндағы 156-1), 156-2), 156-3 және 156-4) тармақшалармен толықтырылсын:
«156-1) жетекшілік ететін салалардың Қазақстан Республикасының қорғаныс жоспарына сәйкес іс-шараларды орындауға тікелей дайындығын ұйымдастырады, саланың соғыс уақытында орнықты жұмыс істеуі жөніндегі іс-шараларды жүзеге асырады;
156-2) сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша өз құзыреті шегінде тауарлардың нысаналы мақсатын растау тәртібі мен нысандарын айқындайды;
156-3) өз құзыреті шегінде тауарлардың нысаналы мақсатына растама береді;
156-4) су шаруашылығы ұйымдарының қызметін әдістемелік қамтамасыз етуді жүзеге асырады;».

2 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы