О внесении дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 4 октября 2023 года № 864 «Некоторые вопросы Министерства промышленности и строительства Республики Казахстан»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 4 октября 2023 года № 864 «Некоторые вопросы Министерства промышленности и строительства Республики Казахстан»
- Атауы (қаз.)
- «Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 864 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 351
- Қабылданған күні
- 30.04.2024
- Көрсетілген редакция
- 30.04.2024 196456_699161.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 30.04.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P2400000351
- ЭКБ идентификаторы
- 196456
- Редакция идентификаторы
- 196456_699161
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 11:44
0 «Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің
кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 864 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. «Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 864 қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі туралы ережеде:
15-тармақ:
мынадай мазмұндағы 362-1), 362-2) және 362-3) тармақшалармен толықтырылсын:
«362-1) жер қойнауын пайдаланушыны, қатты пайдалы қазбалардың ресурстарын және (немесе) қорларын бағалау туралы есепті дайындаған және тексерген құзыретті тұлғаларды тыңдау қағидаралын әзірлеу және бекіту;
362-2) қатты пайдалы қазбалардың кен орындарын барлау жөніндегі ең төменгі талаптарды әзірлеу және бекіту;
362-3) пайдалы қазбаларды мемлекеттік есепке алуға негізгі және олармен тұтасып жатқан пайдалы қазбалардың саны мен сапасы туралы мәліметтерді енгізу қағидаларын әзірлеу;»;
мынадай мазмұндағы 420-1) және 420-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«420-1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тұрғын үй жағдайларын жақсарту мақсатында кейіннен ипотекалық тұрғын үй қарыздарын беру үшін эмитент шығарған облигациялар бойынша купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау қағидаларын әзірлеу және бекіту;
420-2) тұрғын үй жағдайларын жақсарту кейіннен мақсатында ипотекалық тұрғын үй қарыздарын беру үшін эмитент шығарған облигациялар бойынша купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауды жүзеге асыру;».