Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 4 октября 2023 года № 864 «Некоторые вопросы Министерства промышленности и строительства Республики Казахстан»

Қаулы · № 662 · қабылданған 16.08.2024
Заңдық күші: Қолданыста · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/4-2023-no-864-ekb-199781/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 4 октября 2023 года № 864 «Некоторые вопросы Министерства промышленности и строительства Республики Казахстан» Қолданыста Қаулы ·№ 662 ·16.08.2024
16.08.2024 редакциясы
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 16.08.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 4 октября 2023 года № 864 «Некоторые вопросы Министерства промышленности и строительства Республики Казахстан»

Қолданыста Қаулы ·№ 662 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 4 октября 2023 года № 864 «Некоторые вопросы Министерства промышленности и строительства Республики Казахстан»
Атауы (қаз.)
«Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 864 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
662
Қабылданған күні
16.08.2024
Көрсетілген редакция
16.08.2024 199781_716214.kaz
Соңғы өзгеріс
16.08.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P2400000662
ЭКБ идентификаторы
199781
Редакция идентификаторы
199781_716214
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 10:03

0 «Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 864 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. «Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 864 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі туралы ережеде:
15-тармақта:
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«5) кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органмен бірлесіп тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарына және тексеру парақтарына қатысты актілерді әзірлеу және бекіту;»;
мынадай мазмұндағы 12-1) тармақшамен толықтырылсын:
«12-1) еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен келісу бойынша ұйымдардың еңбек жөніндегі үлгілік нормалары мен нормативтерін әзірлеу және бекіту;»;
мынадай мазмұндағы 62-1) тармақшамен толықтырылсын:
«62-1) өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарын отандық шикізатпен қамтамасыз ету жөніндегі үлгілік норма нысанын әзірлеу және бекіту;»;
80) және 81) тармақшалар алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 184-1) және 184-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«184-1) отандық шикізат тауарларының тізбесін әзірлеу және бекіту;
184-2) отандық шикізат тауарлары тізбесіне енгізілген отандық шикізатты Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге лицензиялар беру;»;
358) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«358) кен орындарын игерудің техникалық жобаларын әзірлеу және бекіту;»;
мынадай мазмұндағы 358-1) тармақшамен толықтырылсын:
«358-1) қатты пайдалы қазбаларды өндіру кезіндегі ысырапты есепке алу бөлігінде кен орындарын игерудің техникалық жобаларын бекіту қағидаларын әзірлеу және бекіту;»;
мынадай мазмұндағы 425-1) және 425-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«425-1) құрылыс саласындағы қызметті тоқтата тұру туралы мемлекеттік инспекторлар актісінің нысанын әзірлеу және бекіту;
425-2) бұзылуы жедел ден қою шараларын қолдануға әкелетін талаптар тізбесін айқындау, сондай-ақ талаптардың нақты бұзылуына қатысты жедел ден қою шарасының нақты түрін (қажет болған кезде) осы шараны қолдану мерзімін көрсете отырып айқындау;».

2 2. Осы қаулы:

1 1) 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы қаулының 1-тармағының алтыншы және жетінші абзацтарын;

2 2) 2024 жылғы 9 қазаннан бастап қолданысқа енгізілетін осы қаулының 1-тармағының он бірінші, он екінші және он үшінші абзацтарын қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы