О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 4 октября 2023 года № 864 «Некоторые вопросы Министерства промышленности и строительства Республики Казахстан»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 4 октября 2023 года № 864 «Некоторые вопросы Министерства промышленности и строительства Республики Казахстан»
- Атауы (қаз.)
- «Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 864 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 12
- Қабылданған күні
- 17.01.2025
- Көрсетілген редакция
- 17.01.2025 206652_743402.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 17.01.2025
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P2500000012
- ЭКБ идентификаторы
- 206652
- Редакция идентификаторы
- 206652_743402
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 06:21
0 «Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 864 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. «Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 864 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі туралы ережеде:
15-тармақта:
398) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 407-1) және 407-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«407-1) «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген функцияларды іске асыру кезінде ұлттық даму институты мәртебесіне ие тұрғын үй құрылыс жинақ банкін үйлестіруді және әдістемелік басшылықты жүзеге асыру;
407-2) бірыңғай республикалық электрондық базада, «Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы» электрондық базасында тұрғын үйге мұқтаждар есебінде тұрған Қазақстан Республикасы азаматтарының, қандастардың тізімдеріне мониторингті жүзеге асыру;»;
409) және 410) тармақшалар алып тасталсын;
413) және 414) тармақшалар алып тасталсын;
432) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«432) Қазақстан Республикасының тұрғын үй қорын мемлекеттік есепке алуды жүзеге асыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;»;
484) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«484) ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін квазимемлекеттік сектор субъектілері арқылы субсидиялау қағидаларын және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің көрсетілетін қызметтерінің құнын есептеу әдістемесін әзірлеу және бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша бекіту;»;
485) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«485) екінші деңгейдегі банктер жеке кәсіпкерлік субъектілеріне тұрғын үй құрылысы мақсаттары үшін беретін кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесін квазимемлекеттік сектор субъектілері арқылы субсидиялау қағидаларын және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің көрсетілетін қызметтерінің құнын есептеу әдістемесін әзірлеу және бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша бекіту;»;
494) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«494) ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін квазимемлекеттік сектор субъектілері арқылы субсидиялауды жүзеге асыру;»;
мынадай мазмұндағы 494-1) тармақшамен толықтырылсын:
«494-1) екінші деңгейдегі банктер жеке кәсіпкерлік субъектілеріне тұрғын үй құрылысы мақсаттары үшін беретін кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесін квазимемлекеттік сектор субъектілері арқылы субсидиялауды жүзеге асыру;»;
мынадай мазмұндағы 494-2), 494-3), 494-4), 494-5) және 494-6) тармақшалармен толықтырылсын:
«494-2) Қазақстан Республикасының тұрғын үйге мұқтаж азаматтарын, қандастарды «Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы» электрондық базасына есепке қою қағидаларын әзірлеу және бекіту;
494-3) тұрғын үй жағдайларын жақсартуға бағытталған мемлекеттік қолдау шараларын іске асыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;
494-4) тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке қою және мемлекеттік мекемелер мен мемлекеттік кәсіпорындардың тұрғын үй қорынан тұрғынжай беру қағидаларын әзірлеу және бекіту;
494-5) жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған тұрғынжай үшін жалдау ақысының бір бөлігін субсидиялауды жүзеге асыру;
494-6) жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған тұрғынжай үшін жалдау ақысының бір бөлігін субсидиялау тәртібін әзірлеу және бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша бекіту;».