О внесении изменения и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 4 октября 2023 года № 864 «Некоторые вопросы Министерства промышленности и строительства Республики Казахстан»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 4 октября 2023 года № 864 «Некоторые вопросы Министерства промышленности и строительства Республики Казахстан»
- Атауы (қаз.)
- «Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 864 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 340
- Қабылданған күні
- 14.05.2025
- Көрсетілген редакция
- 14.05.2025 210088_757429.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 14.05.2025
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P2500000340
- ЭКБ идентификаторы
- 210088
- Редакция идентификаторы
- 210088_757429
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 04:25
0 «Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 864 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. «Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 864 қаулысына мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі туралы ережеде:
15-тармақта:
мынадай мазмұндағы 67-1), 67-2), 67-3) және 67-4) тармақшалармен толықтырылсын:
«67-1) өз құзыреті шегінде тауар биржалары арқылы міндетті түрде өткізілуге жататын биржалық тауарлардың сауда-саттығын мониторингтеуді жүргізу;
67-2) cауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті орган бекітетін биржалық тауарлар тізбесін келісу, сондай-ақ оған өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу;
67-3) cауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті орган бекітетін әлеуметтік маңызы бар биржалық тауарлар тізбесін келісу, сондай-ақ оған өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу;
67-4) инвестициялар жөніндегі уәкілетті органға инвесторлар және олардың инвестициялық жобалары туралы мәліметтерді ұсыну;»;
395) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«395) «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының және Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы өзге де нормативтік құқықтық актілерінің талаптарына сәйкестігі тұрғысынан республикалық маңызы бар қалалардың, астананың және Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ерекше мәртебеге ие облыстық маңызы бар қаланың сәулеттiк келбетiн қалыптастыру және қала құрылысын жоспарлау қағидаларын келісу;».