О внесении изменений в приказ Министра промышленности и строительства Республики Казахстан от 4 января 2024 года № 4 «Об утверждении Правил субсидирования затрат работодателей, построивших арендное жилище в селе, поселке, сельском округе»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в приказ Министра промышленности и строительства Республики Казахстан от 4 января 2024 года № 4 «Об утверждении Правил субсидирования затрат работодателей, построивших арендное жилище в селе, поселке, сельском округе»
- Атауы (қаз.)
- «Ауылда, кентте, ауылдық округте жалға берілетін тұрғынжай салған жұмыс берушілердің шығындарын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2024 жылғы 4 қаңтардағы № 4 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 289
- Қабылданған күні
- 05.08.2024
- Көрсетілген редакция
- 05.08.2024 199492_714084.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 05.08.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2400034897
- ЭКБ идентификаторы
- 199492
- Редакция идентификаторы
- 199492_714084
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 10:14
0 «Ауылда, кентте, ауылдық округте жалға берілетін тұрғынжай салған жұмыс берушілердің шығындарын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2024 жылғы 4 қаңтардағы № 4 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Ауылда, кентте, ауылдық округте жалға берілетін тұрғынжай салған жұмыс берушілердің шығындарын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2024 жылғы 4 қаңтардағы № 4 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33885 болып тіркелді) мынадай өзгерістер енгізілсін:
2 - тармақтың 8) тармақшасы мынандай редакцияда жазылсын:
«құрылыс жобасы (құрылыстық жоба) - көлемдiк-жоспарлық, конструкциялық, технологиялық, инженерлiк, табиғат қорғау, экономикалық және өзге де шешiмдердi қамтитын жобалау (жобалық-сметалық) құжаттамасы, сондай-ақ құрылысты ұйымдастыру мен жүргiзуге, аумақты инженерлiк жағынан дайындауға, абаттандыруға арналған сметалық есептеу;».
3 - тармақтың екінші абзацы мынандай редакцияда жазылсын:
«Агломерациялардың, функционалдық қалалық аудандардың құрамына кіретін аудан орталықтарының тізімдеріне, ауылдарына, кенттеріне, ауылдық округтеріне енгізуге жатпайды.».
2 2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«Келісілді»
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігі
«Келісілді»
Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрлігі
«Келісілді»
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
«Келісілді»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі