Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Председателя Комитета национальной безопасности Республики Казахстан от 4 июня 2024 года № 75/қе «Об утверждении Правил отчисления сотрудников и военнослужащих органов национальной безопасности Республики Казахстан из военных, специальных учебных заведений или организаций образования иностранных государств»

Бұйрық · № 70/қе · қабылданған 23.07.2026
Заңдық күші: Қолданыста · 21.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/4-2024-no-75/on/2026-09-21/
Басып шығарылды 2026-09-21 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Председателя Комитета национальной безопасности Республики Казахстан от 4 июня 2024 года № 75/қе «Об утверждении Правил отчисления сотрудников и военнослужащих органов национальной безопасности Республики Казахстан из военных, специальных учебных заведений или организаций образования иностранных государств» Қолданыста 23.07.2026 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

О внесении изменений в приказ Председателя Комитета национальной безопасности Республики Казахстан от 4 июня 2024 года № 75/қе «Об утверждении Правил отчисления сотрудников и военнослужащих органов национальной безопасности Республики Казахстан из военных, специальных учебных заведений или организаций образования иностранных государств»

Қолданыста Бұйрық № 70/қе 21.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Председателя Комитета национальной безопасности Республики Казахстан от 4 июня 2024 года № 75/қе «Об утверждении Правил отчисления сотрудников и военнослужащих органов национальной безопасности Республики Казахстан из военных, специальных учебных заведений или организаций образования иностранных государств»
Атауы (қаз.)
«Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілерін әскери, арнаулы оқу орындарынан немесе шет мемлекеттердің білім беру ұйымдарынан шығарып жіберу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2024 жылғы 4 маусымдағы № 75/қе бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
70/қе
Қабылданған күні
23.07.2026
Қолданысқа енгізілген күні
07.08.2026
Көрсетілген редакция
23.07.2026 228053_837244.kaz
Соңғы өзгеріс
23.07.2026
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2600039380
ЭКБ идентификаторы
228053
Редакция идентификаторы
228053_837244
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
19.09.2026 03:45
21.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.07.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0

«Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілерін әскери, арнаулы оқу орындарынан немесе шет мемлекеттердің білім беру ұйымдарынан шығарып жіберу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2024 жылғы 4 маусымдағы
№ 75/қе бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:

1. «Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілерін әскери, арнаулы оқу орындарынан немесе шет мемлекеттердің білім беру ұйымдарынан шығарып жіберу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2024 жылғы 4 маусымдағы № 75/қе бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 34454 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілерін әскери, арнаулы оқу орындарынан немесе шет мемлекеттердің білім беру ұйымдарынан шығарып жіберу қағидаларында:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті (бұдан әрі – ҰҚК), білім алушы және шет мемлекеттердің білім беру ұйымдары арасында жасалған халықаралық шарттарда (келісімшарттарға) көзделген тәртіпте білім алушы шет мемлекеттердің білім беру ұйымынан шығарып жіберілген жағдайда кадр бөлімшесі:
курсанттар (тыңдаушылар) үшін – шығару және жеке құрам тізімінен алып тастау туралы бұйрық дайындайды;
магистранттар, докторанттар мен адъюнкттер үшін – органның тиісті кадр бөлімшесіне лауазымынан босату және ол жіберілген бөлімше бастығының қарамағына қабылдау туралы ұсыну жібереді.
Білім алушыны шет мемлекеттердің білім беру ұйымынан шығарып жіберу туралы бұйрық шығарылғаннан кейін кадр бөлімшесі «Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілерінің әскери, арнаулы оқу орындарында немесе шет мемлекеттердің білім беру ұйымдарында оқытуға жұмсалған бюджет қаражатын мемлекетке өтеу қағидаларын бекіту туралы» ҰҚК Төрағасының 2017 жылғы 27 қыркүйектегі № 85 қе бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15917 болып тіркелген) (бұдан әрі – № 85 қе бұйрық) көзделген тәртіппен оқытуға жұмсалған нақты шығындардың жиынтық есебін дайындайды.»;
15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«15. ӘАОО кадр бөлімшесі екі жұмыс күні ішінде:
курсанттар (тыңдаушылар) үшін – шығару және жеке құрам тізімінен алып тастау туралы бұйрық шығарады;
магистранттар, докторанттар мен адъюнкттер үшін – органның тиісті кадр бөлімшесіне лауазымынан босату және ол жіберілген бөлімше бастығының қарамағына қабылдау туралы ұсыну жібереді.
Білім алушылардың жеке істері ӘАОО кадр бөлімшелерінде білім алушы ӘАОО-дан шығарылған сәттен бастап бір жыл бойы сақталады.»;
21 және 22-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«21. ӘАОО кадр бөлімшесі екі жұмыс күні ішінде:
курсанттар (тыңдаушылар) үшін – шығару және жеке құрам тізімінен алып тастау туралы бұйрық шығарады;
магистранттар, докторанттар мен адъюнкттер үшін – органның тиісті кадр бөлімшесіне лауазымынан босату және ол жіберілген бөлімше бастығының қарамағына қабылдау туралы ұсыну жібереді.
Білім алушылардың жеке істері ӘАОО кадр бөлімшелерінде білім алушы ӘАОО-дан шығарылған сәттен бастап бір жыл бойы сақталады.
22. ӘАОО-дан шығарылған магистранттар, докторанттар мен адъюнкттер осы тарауда көзделген негіз бойынша олар жіберілген бөлімшелерге қайтарылады.».

2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Кадрлар департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықпен Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлері, әскери қызметшілері мен жұмыскерлері таныстырылсын.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.