О внесении дополнения в совместный приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 4 апреля 2025 года № 100 и исполняющего обязанности Министра финансов Республики Казахстан от 7 апреля 2025 года № 155 «О некоторых вопросах вывоза сельскохозяйственных животных»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении дополнения в совместный приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 4 апреля 2025 года № 100 и исполняющего обязанности Министра финансов Республики Казахстан от 7 апреля 2025 года № 155 «О некоторых вопросах вывоза сельскохозяйственных животных»
- Атауы (қаз.)
- «Ауыл шаруашылығы жануарларын әкетудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2025 жылғы 4 сәуірдегі № 100 және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің міндетін атқарушының 2025 жылғы 7 сәуірдегі № 155 бірлескен бұйрығына толықтыру енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 158
- Қабылданған күні
- 14.05.2025
- Көрсетілген редакция
- 14.05.2025 210098_758258.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 14.05.2025
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2500036107
- ЭКБ идентификаторы
- 210098
- Редакция идентификаторы
- 210098_758258
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 04:24
0 «Ауыл шаруашылығы жануарларын әкетудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2025 жылғы 4 сәуірдегі № 100 және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің міндетін атқарушының 2025 жылғы 7 сәуірдегі № 155 бірлескен бұйрығына толықтыру енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫЗ:
1
1. «Ауыл шаруашылығы жануарларын әкетудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2025 жылғы 4 сәуірдегі № 100 және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің міндетін атқарушының 2025 жылғы 7 сәуірдегі № 155 бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 35958 болып тіркелген) мынадай толықтыру енгізiлсiн:
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Қазақстан Республикасының аумағынан ірі қара малдың бұқашықтарын (Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасының коды 0102) әкетуге үш ай мерзімге тыйым салу енгізілсін.».
2 2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен осы бірлескен бұйрықтың 1-тармағын іске асыру бойынша шаралар қабылдау туралы Еуразиялық экономикалық комиссияны хабардар етсін.
3
3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетімен өзара іс-қимыл жасай отырып, өз құзыреті шегінде заңнамада белгіленген тәртіппен осы бірлескен бұйрықтың 1-тармағының орындалуын қамтамасыз ету бойынша қажетті шаралар қабылдасын.
4 4. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Аграрлық азық-түлік нарықтары және ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2 2) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
5 5. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау тиісті бағытқа жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы және қаржы вице-министрлеріне жүктелсін.
6 6. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Сауда және интеграция
министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика
министрлігі