Құжат мәтініне өту

О внесении изменения в постановление акимата Актюбинской области от 4 июля 2025 года № 126 «Об утверждении единого государственного заказа на дополнительное образование (творческий и спортивный заказы, образовательный заказ на дополнительное образование) с учетом персонифицированного финансирования по получателям услуг»

Қаулы · № 191 · қабылданған 15.09.2025
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/4-2025-no-126-ekb-214341/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении изменения в постановление акимата Актюбинской области от 4 июля 2025 года № 126 «Об утверждении единого государственного заказа на дополнительное образование (творческий и спортивный заказы, образовательный заказ на дополнительное образование) с учетом персонифицированного финансирования по получателям услуг» Қолданыста Қаулы ·№ 191 ·15.09.2025
15.09.2025 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.09.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменения в постановление акимата Актюбинской области от 4 июля 2025 года № 126 «Об утверждении единого государственного заказа на дополнительное образование (творческий и спортивный заказы, образовательный заказ на дополнительное образование) с учетом персонифицированного финансирования по получателям услуг»

Қолданыста Қаулы ·№ 191 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения в постановление акимата Актюбинской области от 4 июля 2025 года № 126 «Об утверждении единого государственного заказа на дополнительное образование (творческий и спортивный заказы, образовательный заказ на дополнительное образование) с учетом персонифицированного финансирования по получателям услуг»
Атауы (қаз.)
«Көрсетілетін қызметті алушылар бойынша дербестендірілген қаржыландыруды ескере отырып, қосымша білім беруге бірыңғай мемлекеттік тапсырысты (қосымша білім беруге шығармашылық және спорттық, білім беру тапсырыстары) бекіту туралы» Ақтөбе облысы әкімдігінің 2025 жылғы 4 шілдедегі № 126 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
191
Қабылданған күні
15.09.2025
Көрсетілген редакция
15.09.2025 214341_774547.kaz
Соңғы өзгеріс
15.09.2025
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G25C000191A
ЭКБ идентификаторы
214341
Редакция идентификаторы
214341_774547
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 02:18

0

«Көрсетілетін қызметті алушылар бойынша дербестендірілген қаржыландыруды ескере отырып, қосымша білім беруге бірыңғай мемлекеттік тапсырысты (қосымша білім беруге шығармашылық және спорттық, білім беру тапсырыстары) бекіту туралы» Ақтөбе облысы әкімдігінің 2025 жылғы 4 шілдедегі № 126 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Ақтөбе облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. «Көрсетілетін қызметті алушылар бойынша дербестендірілген қаржыландыруды ескере отырып, қосымша білім беруге бірыңғай мемлекеттік тапсырысты (қосымша білім беруге шығармашылық және спорттық, білім беру тапсырыстары) бекіту туралы» Ақтөбе облысы әкімдігінің 2025 жылғы 4 шілдедегі № 126 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. «Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесі шығармашылық тапсырысты, «Ақтөбе облысының дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасы» мемлекеттік мекемесі спорттық тапсырысты, «Ақтөбе облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі қосымша білім беруге арналған білім беру тапсырысты жүзеге асыру барысында балалардың қатысым табелін қабылдау және растау, қызмет көрсетушілердің тізбесіне енгізу үшін өтініштерді қабылдау және алгоритм талаптарына сәйкестігіне мониторинг жүргізу, көрсетілетін қызметтерді жеткізушілердің тізбесін қалыптастыру, қызмет берушілердің тізбесіне енгізілген ұйымдарға жоспарлы мониторинг (жылына 4 реттен артық емес) жүргізу бойынша тиісті шараларды қабылдасын.».

2 2. «Ақтөбе облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

1

1) осы қаулыны қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

2 2) осы қаулыны оны ресми жариялағаннан кейін Ақтөбе облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

Қолданыстағы