О внесении изменения и дополнений в приказы Министра финансов Республики Казахстан от 4 апреля 2025 года № 149 «Некоторые вопросы Единой бюджетной классификации Республики Казахстан» и от 4 апреля 2025 года № 150 «Об утверждении Таблицы распределения поступлений бюджета между уровнями бюджетов, контрольными счетами наличности Национального фонда Республики Казахстан, внебюджетных фондов, формируемых за счет неналоговых платежей, и бюджетами государств – членов Евразийского экономического союза»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения и дополнений в приказы Министра финансов Республики Казахстан от 4 апреля 2025 года № 149 «Некоторые вопросы Единой бюджетной классификации Республики Казахстан» и от 4 апреля 2025 года № 150 «Об утверждении Таблицы распределения поступлений бюджета между уровнями бюджетов, контрольными счетами наличности Национального фонда Республики Казахстан, внебюджетных фондов, формируемых за счет неналоговых платежей, и бюджетами государств – членов Евразийского экономического союза»
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң «Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері» 2025 жылғы 4 сәуірдегі № 149 және «Бюджет түсімдерін бюджеттердің деңгейлері, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының, салықтық емес төлемдер есебінен қалыптастырылатын бюджеттен тыс қорлардың қолма-қол ақшаны бақылау шоттары және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің бюджеттері арасында бөлу кестесі» 2025 жылғы 4 сәуірдегі № 150 бұйрықтарына өзгеріс пен толықтырула
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 228
- Қабылданған күні
- 15.05.2025
- Көрсетілген редакция
- 15.05.2025 210244_759686.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 15.05.2025
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G25E0000228
- ЭКБ идентификаторы
- 210244
- Редакция идентификаторы
- 210244_759686
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 04:23
0
Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң «Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері» 2025 жылғы 4 сәуірдегі № 149 және «Бюджет түсімдерін бюджеттердің деңгейлері, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының, салықтық емес төлемдер есебінен қалыптастырылатын бюджеттен тыс қорлардың қолма-қол ақшаны бақылау шоттары және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің бюджеттері арасында бөлу кестесі» 2025 жылғы 4 сәуірдегі № 150 бұйрықтарына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1 1. «Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 4 сәуірдегі № 149 бұйрығына мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасында:
бюджет түсiмдерiнiң сыныптамасында:
5 «Бюджеттік кредиттерді өтеу» санатында:
01 «Бюджеттік кредиттерді өтеу» сыныбында:
1 «Мемлекеттік бюджеттен берілген бюджеттік кредиттерді өтеу» кіші сыныбында:
мынадай мазмұндағы 24 және 25 ерекшеліктермен толықтырылсын:
«24 Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарына Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін нысаналы трансферт есебінен республикалық бюджеттен 2024 жылғы 1 қаңтарға дейін берілген бюджеттік кредиттерді өтеу
25 Мамандандырылған ұйымдарға Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін нысаналы трансферт есебінен республикалық бюджеттен 2024 жылғы 1 қаңтарға дейін берілген бюджеттік кредиттерді өтеу»;
бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасында:
06 «Әлеуметтiк көмек және әлеуметтiк қамсыздандыру» функционалдық тобында:
9 «Әлеуметтiк көмек және әлеуметтiк қамтамасыз ету салаларындағы өзге де қызметтер» функционалдық кіші тобында:
213 «Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:
058 «Республикалық деңгейде халықты әлеуметтік қорғау және көмек көрсету, сондай-ақ әлеуметтік қорғау жүйесін жетілдіру және инфрақұрылымды дамыту» бюджеттік бағдарламасы бойынша:
мынадай мазмұндағы 110 бюджеттік кіші бағдарламасымен толықтырылсын:
«110 Республикалық деңгейдегі мемлекеттік әлеуметтік қорғау ұйымдарының күрделі шығыстары»;
08 «Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістiк» функционалдық тобында:
2 «Спорт» функционалдық кіші тобында:
650 «Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігі» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:
036 «Жоғары жетістіктер спортын дамыту» бюджеттік бағдарламасы бойынша:
мынадай мазмұндағы 101 бюджеттік кіші бағдарламасымен толықтырылсын:
«101 Республикалық бюджет қаражаты есебінен спорт объектілерін салу, реконструкциялау»;
10 «Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары» функционалдық тобында:
2 «Су шаруашылығы» функционалдық кіші тобында:
652 «Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрлігі» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:
254 «Су ресурстарын тиімді басқару» бюджеттік бағдарламасы бойынша:
мынадай мазмұндағы 108 бюджеттік кіші бағдарламасымен толықтырылсын:
«108 Суармалы жерлердің мелиорациялық жай-күйін мониторингтеу және бағалау»;
9 «Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, қоршаған ортаны қорғау және жер қатынастары саласындағы басқа да қызметтер» функционалдық кіші тобында:
243 «Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:
мынадай мазмұндағы 214 бюджеттік бағдарламасымен толықтырылсын:
«214 Ауыл халқының кірісін арттыру жөніндегі жобаны ауқымды түрде қолдану мақсатында ауыл халқына микрокредиттер беру үшін облыстық бюджеттерге кредит беру»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасы ерекшелігінің құрылымында:
160 «Басқа да ағымдағы шығындар» кіші сыныбында:
жол
«
163
Жалпыға бiрдей мiндеттi орта бiлiм қорының шығындары
Орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын алатын жалпы білім беретін мектептер мен мектептердің білім алушылары мен тәрбиеленушілерінің санаттарына қаржылай және материалдық көмек көрсетуге арналған шығындар
Киiмдердi, аяқ киiмдердi, оқулықтарды, оқу құралдарын, мектеп жазба керек жарақтарын сатып алу; ақшалай көмек көрсету; санаторий-курорттық мекемелерге және демалыс лагерлерiне жолдамалар сатып алу; оқушылардың мәдени бұқаралық және спорттық iс-шараларға қатысуын қаржылық қамтамасыз ету, жалпы білім беретін пәндер бойынша қосымша сабақтар ұйымдастыру
»
мынадай редакцияда жазылсын:
«
163
Жалпыға бiрдей мiндеттi орта бiлiм қорының шығындары
Орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын алатын жалпы білім беретін мектептер мен мектептердің білім алушылары мен тәрбиеленушілерінің санаттарына қаржылай және материалдық көмек көрсетуге арналған шығындар
Киiмдердi, аяқ киiмдердi, оқулықтарды, оқу құралдарын, мектеп жазба керек жарақтарын сатып алу; мектептерде тамақтандыруды қамтамасыз ету; ақшалай көмек көрсету; санаторий-курорттық мекемелерге және демалыс лагерлерiне жолдамалар сатып алу; оқушылардың мәдени бұқаралық және спорттық iс-шараларға қатысуын қаржылық қамтамасыз ету, жалпы білім беретін пәндер бойынша қосымша сабақтар ұйымдастыру
».
2
2. «Бюджет түсімдерін бюджеттердің деңгейлері, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының, салықтық емес төлемдер есебінен қалыптастырылатын бюджеттен тыс қорлардың қолма-қол ақшаны бақылау шоттары және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің бюджеттері арасында бөлу кестесі» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 4 сәуірдегі № 150 бұйрығына мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бюджет түсімдерін бюджеттердің деңгейлері, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының, салықтық емес төлемдер есебінен қалыптастырылатын бюджеттен тыс қорлардың қолма-қол ақшаны бақылау шоттары және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің бюджеттері арасында бөлу кестесінде:
5 «Бюджеттік кредиттерді өтеу» санатында:
01 «Бюджеттік кредиттерді өтеу» сыныбында:
1 «Мемлекеттік бюджеттен берілген бюджеттік кредиттерді өтеу» кіші сыныбында:
мынадай мазмұндағы жолдарымен толықтырылсын:
«
Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарына Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін нысаналы трансферт есебінен республикалық бюджеттен 2024 жылғы 1 қаңтарға дейін берілген бюджеттік кредиттерді өтеу
5
01
1
24
100
Мамандандырылған ұйымдарға Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін нысаналы трансферт есебінен республикалық бюджеттен 2024 жылғы 1 қаңтарға дейін берілген бюджеттік кредиттерді өтеу
5
01
1
25
100
».
3 3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бюджет заңнамасы департаменті Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1
1) осы бұйрықтың көшірмесін қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;