Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

О внесении дополнений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 4 апреля 2025 года № 151 «Некоторые вопросы Единой бюджетной классификации Республики Казахстан»

Бұйрық · № 623 · қабылданған 15.09.2026
Заңдық күші: Күшіне енбеген · 20.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/4-2025-no-151-ekb-230061/on/2026-09-20/
Басып шығарылды 2026-09-20 · adilet.kz
О внесении дополнений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 4 апреля 2025 года № 151 «Некоторые вопросы Единой бюджетной классификации Республики Казахстан» Күшіне енбеген 15.09.2026 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

О внесении дополнений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 4 апреля 2025 года № 151 «Некоторые вопросы Единой бюджетной классификации Республики Казахстан»

Күшіне енбеген Бұйрық № 623 20.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении дополнений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 4 апреля 2025 года № 151 «Некоторые вопросы Единой бюджетной классификации Республики Казахстан»
Атауы (қаз.)
«Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері» Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 2025 жылғы 4 сәуірдегі № 151 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшіне енбеген
Тізілімдегі мәртебе коды
exe
Нөмірі
623
Қабылданған күні
15.09.2026
Қолданысқа енгізілген күні
28.09.2026
Көрсетілген редакция
15.09.2026 I230061_0.kaz
Соңғы өзгеріс
15.09.2026
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G26E0000623
ЭКБ идентификаторы
230061
Редакция идентификаторы
I230061_0
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
18.09.2026 04:04
Актінің мәртебесі расталмаған. Тізілім коды танылмады, сондықтан бұл бет актінің заңдық күші туралы ештеңе айтпайды.
20.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.09.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 «Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері» Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 2025 жылғы 4 сәуірдегі № 151 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 4 сәуірдегі № 151 бұйрығына мынадай толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасында:
бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасында:
07 «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық» функционалдық тобында:
1 «Тұрғын үй шаруашылығы» функционалдық кіші тобында:
458 «Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:
мынадай мазмұндағы 032 бюджеттік бағдарламамен толықтырылсын:
«032 Елді мекенге бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған көппәтерлі тұрғын үйлердің сыртқы қабырғаларын, шатырларын реконструкциялау»;
487 «Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:
мынадай мазмұндағы 059 бюджеттік бағдарламамен толықтырылсын:
«059 Елді мекенге бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған, көппәтерлі тұрғын үйлердің сыртқы қабырғаларын, шатырларын ағымдағы немесе күрделі жөндеу»;
492 «Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:
053 «Жылу, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін реконструкция және құрылыс үшін кредит беру» бюджеттік бағдарламасы бойынша:
мынадай мазмұндағы 034 бюджеттік кіші бағдарламамен толықтырылсын:
«034 Облыстық бюджеттен ішкі қарыздар қаражатынан берілетін кредиттер есебінен»;
813 «Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) инфрақұрылым және коммуникациялар бөлімі» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:
053 «Жылу, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін реконструкциялауға және салуға кредит беру» бюджеттік бағдарламасы бойынша:
мынадай мазмұндағы 034 бюджеттік кіші бағдарламамен толықтырылсын:
«034 Облыстық бюджеттен ішкі қарыздар қаражатынан берілетін кредиттер есебінен»;
2 «Коммуналдық шаруашылық» функционалдық кіші тобында:
458 «Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:
029 «Сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін дамыту» бюджеттік бағдарламасы бойынша:
мынадай мазмұндағы 034 бюджеттік кіші бағдарламамен толықтырылсын:
«034 Облыстық бюджеттен ішкі қарыздар қаражатынан берілетін кредиттер есебінен»;
10 «Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары» функционалдық тобында:
1 «Ауыл шаруашылығы» функционалдық кіші тобында:
255 «Облыстың ауыл шаруашылығы басқармасы» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:
мынадай мазмұндағы 015 бюджеттік бағдарламамен толықтырылсын:
«015 Органикалық өнім өндірудің сәйкестігін растау кезінде жұмсалған шығыстардың бір бөлігін субсидиялау»;
741 «Облыстың ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:
мынадай мазмұндағы 072 бюджеттік бағдарламамен толықтырылсын:
«072 Органикалық өнім өндірудің сәйкестігін растау кезінде жұмсалған шығыстардың бір бөлігін субсидиялау».

2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бюджеттік процесс әдіснамасы департаменті Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың көшірмесін қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

2) осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында оның орналастырылуын;

3) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.