«О внесении изменения в совместное постановление акимата Туркестанской области от 4 августа 2025 года № 163 и решение Туркестанского областного маслихата от 25 июня 2025 года № 17/238-VII «Об изменениях в административно-территориальном устройстве Сарыагашского района Туркестанской области»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- «О внесении изменения в совместное постановление акимата Туркестанской области от 4 августа 2025 года № 163 и решение Туркестанского областного маслихата от 25 июня 2025 года № 17/238-VII «Об изменениях в административно-территориальном устройстве Сарыагашского района Туркестанской области»
- Атауы (қаз.)
- «Түркістан облысы Сарыағаш ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы» бірлескен Түркістан облысы әкімдігінің 2025 жылғы 4 тамыздағы № 163 қаулысы және Түркістан облыстық мәслихатының 2025 жылғы 25 маусымдағы № 17/238-VII шешіміне өзгеріс енгізу туралы»
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 160
- Қабылданған күні
- 01.09.2026
- Көрсетілген редакция
- 01.09.2026 229954_840394.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 01.09.2026
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G26U0000160
- ЭКБ идентификаторы
- 229954
- Редакция идентификаторы
- 229954_840394
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 17.09.2026 03:35
0 «Түркістан облысы Сарыағаш ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы» бірлескен Түркістан облысы әкімдігінің 2025 жылғы 4 тамыздағы № 163 қаулысы және Түркістан облыстық мәслихатының 2025 жылғы 25 маусымдағы № 17/238-VII шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Түркістан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Түркістан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. «Түркістан облысы Сарыағаш ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы» бірлескен Түркістан облысы әкімдігінің 2025 жылғы 4 тамыздағы № 163 қаулысы және Түркістан облыстық мәслихатының 2025 жылғы 25 маусымдағы № 17/238-VII шешіміне келесідей өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бірлескен қаулы және шешімнің 2-тармағы келесі редакцияда жазылсын:
«2. Қызылжар ауылдық округінің шекарасына Қабланбек ауылдық округінің ауылшаруашылығы мақсатындағы 37,79 гектар жерлерін қосу арқылы және Қабланбек ауылдық округіне Қызылжар ауылдық округінің ауылшаруашылығы мақсатындағы 65,8 гектар жерлерін беру арқылы Түркістан облысы Сарыағаш ауданы Қызылжар ауылдық округінің шекарасы өзгертіліп, жалпы көлемі 26514,79 гектар шекарасында белгіленсін.».
2. Осы бірлескен Түркістан облысы әкімдігінің қаулысының және Түркістан облыстық мәслихаты шешімінің орындалуын бақылау Түркістан облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы бірлескен Түркістан облысы әкімдігінің қаулысы мен Түркістан облыстық мәслихатының шешімі оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
З.С. Жолдасов
Ф.М. Байдуллаев
Е.Ә. Дауылбаев
Е.К. Алтаев
Қ.Ә. Қайыпбек
Н.Ә. Тұрашбеков
К.Е. Жаппар
Г.Н. Ажиметова